Қарағанды облысының жарық және дыбыс жабдықтарының операторларына арналған «Концерттік дыбыс режиссурасының практикалық курсы және заманауи жарық техникасының кіріспе курсы» облыстық семинарының

2022 жылдың сәуір айының 11 жұлдызында Кеншілер мәдениет сарйында «Самат шоу техник» ЖШС мамандарымен бірлесіп Қарағанды облысының жарық операторларына арналған «Концерттік дыбыс режиссурасының практикалық курсы және заманауи жарық техникасының кіріспе курсы» облыстық семинары өткізілді.

«Жарық кешенінің құрамы және қалыптасуы» тақырыбы бойынша «Самат шоу техник» маманы келесі дәрістерді оқыды және түсіндірді:

  • Жарық. Негізгі сипаттамалары мен терминдері.
  • Түсі. Түсті араластыру жүйелері: RGB, CMYK, HSB.
  • Аспаптардың түрлері. Қысқаша сипаттама және негізгі терминдер
  • DMX, RDM, ArtNet дегеніміз не. Басқару хаттамаларымен және желілік хаттамалармен қысқаша танысу.
  • Жарық жабдықтары мен басқару жүйелері индустриясындағы жаңалықтар.
  • Құрылғыларды қосу және конфигурациялау. Алдын ала бағдарламалауға дайындық.

Жарық жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері, орналасу вариациялары, NES, ChamSys консольдерін бағдарламалау негіздері көрсетіліп, түсіндірілді.

Семинарға Қарағанды облысына қарасты өңірлердің жарық операторлары қатысты.

Барлық қатысушыларға семинарға қатысқандары үшін сертификаттар табыс етілді.

Iс-шаралар

Меню