«Тілдесу, сауық, қызығушылық – тәжірибе және қазіргі заман мәселесі», «Жеңіс салюті» облыстық семинары

2015 жылдың наурыз айының 4 күні Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында «Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚКҚарағанды облысының аудандық, қалалық мәдениет Үйлерінің директорлары, әдіскерлері, мамандары, сауық ұйымдастырушылары, соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының жетекшілері шақырылған облыстық семинар өткізілді.

Кеншілер мәдениет сарайының «Кәде залында» «Тілдесу, сауық, қызығушылық – тәжірибе және қазіргі заман мәселесі» тақырыбында директорлардың, әдіскерлердің, мамандардың, сауық ұйымдастырушылары-ның кездесуі өтті. Семинарға қатысушылар жексенбілік күндерге сауық ұйымдастыру тәжірибесімен, шығармашылық ақпаратпен, «Демалыс күніне – мазмұнды тынығу» атты жексенбілік ойын-сауық бағдарламасының сценарийімен алмасты.

Дәл осы уақытта Кеншілер мәдениет сарайының «VIP залында» аталмыш семинардың бағдарламасына сәйкес соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының жетекшілері қатысқан Ұлы Отан Соғысының 70-жылдығына арналған «Жеңіс салюті» атты кездесу өтті. Хор ұжымдарының жетекшілері Ұлы Отан Соғысының 70-жылдығы қарсаңында өткізілетін фестивальдер мен конкурстарға байланысты қызмет тәжірибесімен және дайындық репертуарларымен алмасты. Ал, кеш қорытындысы ретінде Л.Ф.Терских жетекшілік еткен Халықтық шахтерлер хоры – хор ұжымдарының жетекшілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді.

Iс-шаралар

Меню