«Сауықтың қалыптан тыс түрлерін іздестіру және еңгізу» тақырыбындағы облыстық семинар

 2013 жылдың 9 желтоқсан күні Қарағанды қаласында Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығымен «Сауықтың қалыптан тыс түрлерін іздестіру және еңгізу» тақырыбындағы облыстық семинар өткізіліп, оған Қарағанды облысының «Зерде» жылжымал мәдени-сауық кешендерінің, қалалық және аудандық мәдениет Үйлерінің директорлары, әдіскерлері, сауық ұйымдастырушылары, дыбыс операторлары шақырылды.

Семинар бағдарламасында «DIVO-TV» ЖШС мамандарымен дыбыс күшейткіш техникаларын қолдану туралы кеңестер беріліп, тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, семинар қатысушылары жаңа техникалар және технологиялармен танысты.

Аталмыш іс-шарада жоспар бойынша Қарағанды облысының клуб типтес мәдени-сауық мекемелерінің жұмыс тәжірибесімен шығармашылық алмасулар, қызметкерлердің біліми және кәсіби деңгейлерін жоғарлату, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеудің тың үлгілерін жасау және қызметке еңгізу мақсатындағы “Единственная и неповторимая – имя которой ЖЕНЩИНА” атты облыстық үздік шығармашылық жоба конкурсы өткізілді.

Облыстық конкурс екі кезеңнен тұрды.

Конкурсқа Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа, Нұра, Осакаров, Шет аудандарынан, Балқаш, Қаражал, Саран, Сәтпаев, Шахтинск қалаларынан және Ақтас, Новодолинка кенттерінен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған 18 шығармашылық жоба ұсынылды.

Конурс қорытындысында келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • І дәрежелі Диплом «Тобою, женщина, земля красива» шығармашылық жобасы үшін Абай ауданының мәдени-сауық орталығындағы әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Морева Ирина Анатольевнаға табысталып, 30 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.
  •  ІІ дәрежелі Диплом «Ана деген бар әлемнің тірегі» шығармашылық жобасы үшін Бұқар жырау ауданы мәдениет Үйінің әдістемелік бөлімі меңгерушісі Қазбек Талашевке және халық шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі Зауреш Толеубаевағатабысталып, 25 мыңтеңге көлемінде сыйақы берілді.
  •  ІІІ дәрежелі Диплом «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты –ұлылық» шығармашылық жобасы үшін Саран қаласының мәдениет Үйі директорының орынбасары Ирина Ивановна Пипперге және жастармен жұмыс істеу жөніндегі менеджері Әлібек Рахимжановқа табысталып, 20 мыңтеңге көлемінде сыйақы берілді.

Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша қазылар келесі азаматтарға Алғыс хат табыстап, 10 мың теңге көлемінде сыйақылар үлестірді:

  • Алғыс хат «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» шығармашылық жобасы үшін Қарқаралы ауданы мәдениет Үйінің маманы Бақыт Көккөзоваға табысталып, 10 мыңтеңге көлемінде сыйақы берілді.
  • Алғыс хат «Единственной и не повторимой – имя которой ЖЕНЩИНА!» шығармашылық жобасы үшін Нұра ауданы мәдениет Үйінің әдіскері Саян Бостамбаевқа табысталып, 10 мыңтеңге көлемінде сыйақы берілді.
  • Алғыс хат «Арулар асыл жандар» шығармашылық жобасы үшін Осакаров ауданының Молодежный кентіндегі мәдениет Үйінің директоры Людмила Трибукинаға табысталып, 10 мыңтеңге көлемінде сыйақы берілді.
  • Алғыс хат «Әлем ананың алақанында» шығармашылық жобасы үшін Шет ауданы мәдениет Үйінің әдіскері Анара Тажибековаға табысталып, 10 мыңтеңге көлемінде сыйақы берілді.
  • Алғыс хат «Боготворите женщину…» шығармашылық жобасы үшін Ақтас кентіндегі мәдениет Үйінің мәдени-сауық қызметі бойынша сектор меңгерушісі Альфия Святохаға табысталып, 10 мыңтеңге көлемінде сыйақы берілді.

Облыстық конкурстың қазылар алқасының құрамы:

  • Садвокасова Кагиза Сулейменовна — Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының директоры
  • Кутузова Людмила Геннадьевна — Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі
  • Пламеневская Анна Аванесовна — Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының маманы
  • Толепбекова Нургуль Талгатовна — Қарағанды қаласының «Молодежный» мәдениет Үйі директорының орынбасары
  • Ашкеев Кадыр Толеукадырович — «ЛОТОС» мерейтойларды ұйымдастыру агенттігінің жетекшісі.

Iс-шаралар

Меню