«Клубтық ұйымдар – мәдени-сауық және тұлғалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту орталығы» атты облыстық семинары

2015 жылдың 28 мамыр күні Кеншілер мәдениет Сарайының кәде залында «Клубтық ұйымдар – мәдени-сауық және тұлғалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту орталығы» тақырыбында Қарағанды облысының мәдени-сауық мекемелері қызметкерлеріне арналған облыстық семинары өтті. Аталмыш семинарға Қарағанды облысының облыстық, қалалық және аудандық мәдени-сауық мекемелерінің директорлары мен әдіскерлері қатысты.

Семинардың мақсаты – қатысушылардың кәсіби деңгейін көтеру, тәжірибе алмасу және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған мәдени-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және дайындау шеберлік сабағын өткізу.

Іс-шара бағдарламасы бойынша Қарағанды облысының облыстық, қалалық және аудандық мәдени-сауық мекемелерінің өкілдері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған мәдени іс-шараларының авторлық және шығармашылық жобаларын қорғады.

Семинардың соңында барлық қатысушыларға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған 28 авторлық жобалар, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 22 сценарийлер, балаларған арналған әндер жинағы мен мәдени-сауық ұйымдарының жаңа типтік штаттық кестесі бар CD-тасымалдаушы құралы ұсынған болатын. Сонымен қатар, шығармашылық жобалар конкурсына қатысушылар орындар мен ақшалай сыйлықтар табысталды: І орын және 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық – И.Пиппер,Ю.Яковлева (Саран қ.) «Мы этой памяти верны» шығармашылық жобасы үшін, ІІ орын және 40 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық – Г.Касимова (Қарқаралы ауданы, Егіндыбұлақ кенті) – «9 мамыр – Жеңіс күні», А.Тажибекова (Шет ауданы) – «1945 жылдың жеңімпаз мамыры – 2015 жылдың бейбіт мамыры», ІІІ орын және 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық – С.Абидинова (Жаңаарқа ауданы) – «Ұлы Жеңіске тағзым», А.Алтаева (Сәтпаев қ) – «9 мая День Великой Победы», Н.Анисимова, О.Чечихина, И.Маенкова (Шахтинск қ.) – «Празднование 70-летия Победы в Великой Отечественной войне» шығармашылық жобалары үшін. Ал қалған қатысушыларға 10000 теңге көлемінде ынландыру сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.

Iс-шаралар

Меню