Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысы

2016 жылдың 6 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысы «Бұқар жырау оқулары», «Бұқар жырауша» және «Жыршы-жыраулар сайысы» номинациялары бойынша өтті.

Сайыстың мақсаты: Жыршы-жыраулық дәстүрді жаңғыртып насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу. Халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңдіру.

Байқауға Қарағанды облысының барлық аймақтарынан келген 109 үміткер қатысып, өз өнерлерімен тамсандырды.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша келесі қатысушылар жүлдегерлер атанды:

  • І орын –Машрапова Аружан (Бұқар жырау ауданы);
  • ІІ орын – Қарасарт Нұрғиса (Шахтинск қаласы), Жакупов Рамазан (Абай ауданы);
  • ІІІ орын – Жайлымурат Назерке (Бұқар жырау ауданы ), Кави Жандос (Бұқар жырау ауданы); Серікмұрат Нұрсәуле (Бұқар жырау ауданы).

Арнайы сыйлықтармен Тоқтаубаева Іңкәр (Бұқар жырау), Тусупова Индира (Сәтпаев қаласы), Төлепберген Бірлік (Ақтоғай ауданы) марапатталды.

«Бұқар жырауша» номинациясы бойынша келесі қатысушылар жүлдегерлер атанды:

  • І орын – Жунусов Сәттібай (Қарағанды қаласы);
  • ІІ орын – Аян Мейраш (Қарағанды қаласы), Тілегенов Жеңіс (Сәтпаев қаласы);
  • ІІІ орын– Дуйсенбай Қайсар (Қарағанды қаласы), Қайырбекова Күмісай (Бұқар жырау ауданы); Әйткен Жоламан (Қарағанды қаласы).

Арнайы сыйлықтармен Нарынов Ерик (ҚарМУ), Кәлім Абайбол (Қарағанды қаласы), Арғын Ғалым (Қарағанды қаласы), Абилбек Жақсыгелді (Ақтоғай ауданы).

«Жыршы-жыраулар сайысы» номинациясы бойынша келесі қатысушылар жүлдегерлер атанды:

  • І орын – Абзал Макашев (Қарағанды қаласы);
  • ІІ орын – Шыныбек Акжан (Бұқар жырау ауданы), Қамиев Ұланғасыр (Шет ауданы);
  • ІІІ место – Майрол Роза (Бұқар жырау ауданы), Ботпай Доскей (Қарағанды қаласы); Байсугуров Нурмухаммед (Қарағанды қаласы).

Аранайы сыйлықтың иегері Амангелды Ахметжанов (Қарағанды қаласы) атанды.

Жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталып,  қалғандары сайысқа қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Iс-шаралар

Меню