Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Сарыарқаның жаңа есімдері» атты облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауы (онлайн форматта)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған
«Сарыарқаның жаңа есімдері» атты облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығының онлайн байқауының
ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Бұл Ереже «Сарыарқаның жаңа есімдері» атты облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығының онлайн байқауын (келесіде Байқау) өткізудің мақсаттарын, міндеттері мен тәртібін айқындайды.

1.2. Байқауды ұйымдастырушылар:

– Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (құрушы);

– Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы (ұйымдастырушы).

 

2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 2.1. Қарағанды облысы халқының көркемөнерпаздар шығармашылығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

2.2. Қазақстан халқының мәдени мұрасын насихаттау;

2.3. Көркемөнерпаздар халық шығармашылығының түрлі жанрларында жаңа таланттарды анықтау;

2.4. Патриоттық сезімге, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

3. БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ

 3.1. Байқау онлайн-форматта ақпан айының 10-нан бастап өткізіледі;

3.2. Байқауға барлық тілек білдірушілер қатыса алады,  жас аралығы:  7-14 жас, 15-29 жас, 30-55 жас,  56 жас және одан жоғары;

3.3. Байқау 5 жанр бойынша өткізіледі:

  • Вокалдық ән айту (соло, вокалдық топтар);
  • Хореография (халық биі,заманауи би);
  • Аспаптық (жеке аспапта немесе топпен орындау);
  • Көркем сөз (мелодекламация,шығармадан үзінді, Stand Up);
  • Оригиналдық жанр;(фокус, акробатика және т. б).

3.4. Үміткерлер байқауға қатысуға өтінімді толтырып, (№1 қосымша) karonmc@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі тиіс;

3.5. Байқау нөмірінің видеосын Instagram-ның жеке бетіне қойып, @onmcdint парақшасына жазылу қажет #НовыеИменаСарыарки таңбалары хэштегін белгілеп, аймақты, тегін және атын, жасын, шығарманың немесе жұмыстың атауын, жанрын көрсетуі керек.

3.6. Байқауға қатысушыға «+1» фонограммасын пайдалануға тыйым салынады;

3.7. Орындау уақыты 5 минуттан аспауы тиіс;

3.8. Байқау көпшілік алдында көрсетіледі;

3.9. Байқауды білікті әділқазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының жұмысына шешім шығаратын және олардың жұмысы үшін жауапты болатын төраға тағайындалады. Хатшы хаттаманы қазылар алқасының шешімі бойынша рәсімдейді.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, байқау аяқталғаннан соң қорытынды нәтижелерін жариялайды. Әділқазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды. Берілген дауыстар тең болған жағдайда қазылар төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

 

4. КАНДИДАТТАРДЫҢ ШЕБЕРЛІГІН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ 

  • орындаушылық шеберлік;
  • әртістік шеберлігі;
  • креативтілік;
  • сахналық костюм;
  • видео сапасы.

 

5. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

5.1. Байқау 2021 жылдың 10 ақпаны мен 10 наурызы аралығында онлайн-форматта өткізіледі;

5.2 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2021 жылдың 19 наурызында Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.

 

6. ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

Байқау жеңімпаздарына әр жас санаты мен жанр бойынша І, ІІ, ІІІ орындарды, сондай-ақ дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады.

Онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша «Көрермендер көзайымы» номинациясының жеңімпазы анықталады.

Барлық сұрақтар бойынша облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығына хабарласа аласыздар:

100000, Қарағанды қ. Бұқар жырау даңғылы 32, Байланыс телефоны: Факс 42-50-33, 42-50-95, моб: +7 777 048 04 09 Алтынай

E-mail: karonmc@mail.ru

Iс-шаралар

Меню