«Бұқарекең жырлайды — 2013» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысы

2013 жылдың 30 қазанында С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында Қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтау жолында ерен ерлік қылған даңқты сұлтан, әруақты хан Абылайдың тарихи тұлғасын ашу және Алты Алаштың ақтаңгер жырауы, көмекей әулие атанған Бұқар жырау Қалқаманұлының жалынды жырларын, асыл мұрасын дәріптеу мақсатында «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысы өткізілді. Ұйымдастырушы – Қарағанды облысының мәдениет басқармасы мен Бұқар жырау ауданының әкімдігі.

konkurs-poetov-2013-1-image001

Конкурс үш кезеңмен өтті:

  • 21 ақпан
    • сағ. 15.00 І кезең – еңбек және кәсіби мерекелерге арналған ән
  • 22 ақпан
    • сағ. 11.00 ІІ кезең — еркін тақырыпты ән бағдарламасы
    • сағ. 16.00 — гала-концерт және салтанатты марапаттау рәсімі.

Конкурсқа Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы,Осакаров, Нұра, Шет аудандары мен Жезқазған, Саран, Теміртау, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан 70-ке тарта талапкерлер қатысты.

«Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

  • I орын – Жакулаев Әділ (ҚарМУ)
  • II орын – Мұстафин Сұлтан (Нұра ауданы), Перизат Керімқұл (ҚарМУ)
  • III орын – Путятина Кристина (Үміткер ауылы), Бұрахан Мөлдір (Шахтинск қаласы), Бейсенбекова Айдана (Жезқазған қаласы)

«Жыраулар поэзиясы үлгісімен» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

  • I орын – Асан Мирас (Қарағанды қаласы)
  • II орын – Қабидолдин Рауан(Қарағанды қаласы), Иманбеков Қайрат (Қарағанды қаласы)
  • III орын – Шалқар Жәлел(Қарағанды қаласы), Дәулетхан Сұлтан (Ботақара ауданы), Еркебұлан Мүбарак (Ақтоғай ауданы)

«Жыршы-жыраулар» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

  • I орын – Дәния Айқынқызы(Жаңақала ауылы)
  • II орын – Ұланғасыр Қамиев (Шет ауданы), Жәкішов Фархад(Жаңаарқа ауданы)
  • III орын – Жасұлан Арманұлы(Ақбел ауылы), Қордабаев Алмат (Жаңаарқа ауданы), Ботпай Доскей (Қарағанды қаласы)

Iс-шаралар

Меню