«Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысы

2014 жылдың 30 қазанында сағат 14.00-де С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының ғимаратында Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және Бұқар жырау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысы өткізілді.

Қазылар алқасының құрамында: Астана қаласынан келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Алмас Нұрмаханұлы Алматов (төраға), Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Абзалбек Бокенов, Бұқар жырау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Мүгүлсім Шибаева, Тарих ғылымдарының кандидаты, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің доценті Нұрсахан Бейсенбекова, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының директоры Сансызбай Бекболатов болды. Астана қаласынан жас жыршылар Дина Нұрбаева мен Ақерке Дабыловалар келді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында көрсетілгендей Ұлттық тұлғаларымыз бен құндылықтарымызды бұқара халыққа кеңінен насихаттау мақсатында жасалып жатқан іс-шараға облысымыздан 50-ден аса үміткер қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:

«Бұқар жырауша» номинациясы бойынша:

 І орын Аманжол Әсет (Жаңаарқа ауданы)

ІІ орын Иманбеков Қайрат (Қарағанды қаласы), Сарсенбекова Самал (Шахтинск қаласы)

ІІІ орын Рахымжанова Айзада(Қарағанды қаласы), Шалқар Жәлел (Қарағанды қаласы), Хумарбек Еркебұлан (Қарағанды қаласы)

Арнайы жүлде Оспанов Бекарыс (Қарағанды қаласы)

 

«Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша:

І орын Шыныбек Ақжан (Бұқар жырау ауданы)

ІІ орын Дүйсенбай Құралай (Қарағанды қаласы), Мұстафин Сұлтан (Қарағанды қаласы)

ІІІ орын Еркін Мейрамгүл (Саран қаласы), Қарасарт Нұрғиса (Шахтинск қаласы), Ботпай Нұрәлі (Қарағанды қаласы)

Арнайы жүлде Бұрахан Мөлдір (Шахтинск қаласы)

 

«Жыршы жыраулар сайысы» номинациясы бойынша:

І орын Хайролла Бауыржан (Қарағанды қаласы)

ІІ орын Ғұбайдолла Данияр (Бұқар жырау ауданы), Қами Ұланғасыр (Шет ауданы)

ІІІ орын Есиргепова Ақмарал (Бұқар жырау ауданы), Асқарұлы Қуаныш (Бұқар жырау ауданы), Ботпай Доскей (Қарағанды қаласы)

 

Барлық жүлдегерлерге дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Iс-шаралар

Меню