Жас орындаушылар мен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің облыстық «Жас қанат» байқауы

«Жас қанат» — бұл Қарағанды облысының мәдени өміріндегі өзіндік ерекшелігі бар, жарқын, талантты жастар шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушыларды өз қанатының астына жинауға мүмкіндік беретін байқау.

Өзінің алғашқы жылдарынан бастап конкурс үлкен танымалдылыққа және беделге ие болды, шоу-бағдарламаларды жүргізетін көптеген орындаушылар үшін үлке мүмкіндік берді және25 жыл ішінде кәсіби сахнаға, жұлдыз болуға деген алғашқы қадамдар жасалды.

Жастар үлкен сахнаны, ду қол шапалақты армандайды, жыл сайын «Жас қанат» байқауына облыстың түкпір-түкпірінен шоу-бағдарламалар жүргізушілері қатысып, ежелгі Сарыарқа – таланттардың сарқылмас қайнар көзі екенін қайта дәлелдейді.

Байқауға Қарағанды облысының барлық өңірлерінің өкілдері қатысады.

Жыл сайын «Жас қанат» конкурсы көптеген дарынды әншілердің кәсіби сахнаға шығуына жол ашты. Олардың есімдері қазіргі таңда халыққа белгілі: Қайрат Байкенов – Республикалық «Жас қанат-1999» дипломанты, сазгер, әнші, «Формат» тобының жетекшісі, Роман Ким – «Superstarkz» мега-жобасының жүлдегері, Турлина Динара –«Жас қанат» Республикалық конкурстың лауреаты, халықаралық «Турквижен-2014» конкурсының қатысушысы, Штыкова Юлия – Бүкіл әлемдік АҚШ, Лос Анжелес қалаларында өткен орындаушылық өнері чемпионатының күміс жүлдегері, Халықаралық «Шабыт» конкурсының лауреаты, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері  Қаппасов Айдар, Найманбаев Ержан, Серікова Гүлбану, Жүкіпбаева Гүлмира, Серикбаев Нурсаят – «Жас қанат-2006» Республикалық конкурсының арнайы сыйлық иегері, Қазақстандағы  Дельфий ойындары лауреаты (Өскемен қаласы), Немере Монголхан – Қазақстанда өткен Дельфий ойынының алтын медаль иегері, Халықаралық «Шабыт» және Республикалық «Жұлдыз» фестивалінің лауреаты. Айтпаева Лаура – Республикалық «Жас қанат – 2015» байқауының лауреаты.

Жастар жылына арналған Жас орындаушылар мен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің облыстық «Жас қанат – 2019» XXIV байқауына Қарағанды облысының барлық өңірлерінен 37 вокалист және 12 шоу-бағдарламалар жүргізушілері қатысты.

Қазылар алқасының құрамында өткен жылдардағы облыстық «Жас қанат» байқауының жеңімпаздары болды.

  • «Славян базары»Халықаралық байқауының лауреаты – Адам;
  • Әнші, композитор, «SuperStar KZ» мега проетінің финалисті – Ким Роман;
  • Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты – Штыкова Полина;
  • Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты, «Sound» вокалдық студиясының жетекшісі – Баймағамбетов Думан;
  • Шоумэн – Сланбеков Жасо;
  • Шоумен, Ресей мен Қазақстанның Халықаралық байқауларының жеңімпазы – Оспанов Мара.

Екі байқау күнінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі жүлделі орындарды анықтады:

«Эстрадалық вокал» номинациясыбойынша:

 

І орын-КамилаАбенова (ҚЭУ) жәнеАйдар Төлеев (ҚММУ);

ІІ орын – Жаңасыл Жомарт (Бұқар Жырау ауданы), Сұлтан Молдабеков (Қарағанды қ.);

ІІІ орын-Мадина Сванқұлова (Тәттімбет атындағы өнер колледжі), Олжас Түсіпбеков (ҚарМУ) және Жанна Искакова (Абай қ .);

«Көрермендер көзайымы» номинациясы — Динара Әбдіқадырова(Қарағанды қ., ҚарМУ).

«Шоу-бағдарламаларды жүргізушілер» номинациясы бойынша:

І орын-Динара Исаева (Теміртау қ), Ерік Нұрманбаев (Қарағанды қ);

ІІ орын-Темірлан Жартыбаев (ҚарМУ) және Абрар Айтметов (ҚЭУ);

ІІІ орын-Амин Худоиев (ҚЭУ) және Амандыков Дарын (ҚММУ).

Облыстық «Жас қанат» байқауының жеңімпаздары

Iс-шаралар

Меню