«Жастар әлемі» атты облыстық фестиваль 2014

2014 жылдың 21 қыркүйек күні Қарағанды қаласы циркінің алаңында Қарағанды қаласының 80-жылдығына арналған «Жастар әлемі» атты облыстық фестиваль өткізілді.

Аталмыш шараны обыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырып өткізді. «Жастар әлемі» фестивалі ек блоктан тұрды.

Бірінші блокта «Street art of city» атты граффити шеберлерінің көрмесі өткізілді. Оған командалар мен жеке қатысушылар ат салысты: Латыпов Константин, Полетаев Дмитрий, Туралыкова Балауса, сонымен қатар Иванова Юлия және Безуглова Юлия өнер көрсеткен «Ю-АРТ» шығармашылық командасы, Селютин Николай және Зинятов Радион қатысқан «KAMI» командасы, Акишев Амантай, Темірғалиев Ерсін және Идрисов Айдар қатысқан «Қылқалам шебері» шығармашылық командасы, Құсаинов Абылай және Серков Дмитрий қатысқан «WNA» тобы, Фигуринас Александр және Мунайтбасов Айдар қатысқан «Туз пики» командасы. Жас суретшілер «Ақжолтай» мұз айдынының жанындағы бетон қабырғасына сүйікті қаламыз Қарағандының 80-жылдық мерейтойына деген ыстық ықыластарын, сөнбес махаббаттарын бейнеледі. Марапаттау салтанаты фестивальдің бірінші блогын тәмамдады.

«Жастар әлемі» фестивалінің екінші қорытында блогында цирк алаңында орналастырылған үлкен сахнада «Террикон» рок концерті өтті. Сахнада аудандық және қалалық рок ұжымдары өнер көрсетті: «THE RIDE» тобы, «JAMIN ROLLS» тобы, Майқұдықтың «ОКТЯБРЬСКИЙ РАЙОН» тобы, Бұқар жырау ауданының «ЖАЙДАРМАН» ұжымы, «ONE MEMORY» тобы, Шахан кентінің «WIZARD» рок тобы, «КУКУМБЕР» тобы, сонымен қатар Астана қаласынан келген қонақтар «XXI» тобы. Астаналық қонақтар инструменталды рок өнерінің барлық шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар Қарағанды қаласы туралы белгілі әндермен қатар, шахтерлер астанасына арналған өздерінің де төл туындыларын орындады. Көрермендер сахнада өнер көрсетуші өнерпаздарға үлкен қолдау көрсетіп, марапаттау рәсімі аяқталғаннан соң «СВИНЦОВЫЙ ДИРИЖАБЛЬ» эксперименталды зертханасының «КУКУМБЕР» тобы фестивальді әрі қарай жалғады.

Iс-шаралар

Меню