Облыстық «Сарыарқаның жұлдыздар шапағы» аймақаралық би фестивалі

Облыстық фестиваль би өнерін дамыту, қолдау және насихаттау, жаңа дарынды ұжымдарды ашып, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, нығайту мақсатында өткізілді.

Фестиваль 2 жас ерекшеліктеріне қарай «Халық биі» және «Заманауи би» сынды 2 номинация бойынша өтті:

  • 10-13 жас
  • 14-18 жас.

«Халық биі» номинациясында ұжымдар екі түрлі би ұсынады: 1 кезең – сжюжетті қазақ биі, 2 кезең – әлем халықтарының биі.

«Заманауи би» номинациясында ұжымдар екі түрлі би ұсынады: 1 кезең – – стильдендірілген қазақ биі, 2 кезең– заманауи би.

Іс-шараға Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Осакаров, Нұра, Шет, Ұлытау аудандары мен Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Саран, Сәтбаев, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан 36-дан астам (700-ден астам адам) би ұжымдары қатысты.

Қазылар алқасының құрамына – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Хореография» кафедрасының профессорлары, жоғары санатты балетмейстерлер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ансамбльдерінің көркемдік жетекшілері кірді.

Қатысушылар алғыс хаттармен, Бас жүлде және I.II.III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Iс-шаралар

Меню