Қарағандыда Мартбек Тоқмырза атындағы «Жымиясың сен неге?» облыстық әзілкештер фестиваль-байқауы өтті. Шара Достық үйінде ұйымдастырылып, қазақ сатирасының көрнекті өкілі Мартбек Тоқмырзаның шығармашылығын насихаттауға және жас ұрпаққа танытуға бағытталды.
Қазылар алқасы құрамында: Қантөре Бегім Нұрланұлы, Асулан Мекентай, Заңғар Әбілжанов Аманғалиұлы, Нұрмұхаммед Байсүгір Күлназарұлы, Аңсаған Тоқсанбаев Қазбекұлы болды.
Байқау нәтижесі:
- Бас жүлде – «Тіфә-Тіфә» тобы, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі.
- I орын – «Амазонка» тобы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті.
- II орын – «Медиа» тобы, Қарағанды медицина университеті.
- III орын – «Шоқ қыздар» тобы, Бұқар жырау ауданы, Ақбел ауылы.
Барлық қатысушыларға алғыс хаттар, жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйақылар табысталды. Фестиваль өңірдегі әзіл өнерінің дамуына серпін берді.














































