Жезқазған қаласының «Любысток» украин халық ансамблі

Вагнер Александр Петрович – «Любысток» украин халық ансамблінің жетекшісі

Жезқазған қаласының «Любысток» украин халық ансамблі 1986 жылы құрылды.

«Любысток» ансамблі Жезқазған қаласында өтетін Қазақстан халықтарының қалалық және облыстық фестивальдерінің және барлық мәдени-бұқаралық іс-шаралардың тұрақты қатысушысы. Ұжым өзінің өмір сүру кезеңінде сегіз жүзге жуық концерт берді. Ансамбль Алматы қаласындағы украин әндерінің республикалық фестивалінің дипломанты, ІІ облыстық «Қымбатты менің қарттарым» байқауының дипломанты, VІІІ облыстық ұлттық мәдениеттер фестивалінің дипломанты.

«Жезқазған қаласының «Любысток» украин халық ансамблі Жезқазған қалалық мәдениет бөлімінің «Алтын Құрмет кітабына» еңгізілген.

2014 жылы ансамбль жетекшісі «көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» номинациясы бойынша әкімнің сыйлығымен марапатталды.

Iс-шаралар

Меню