Халықаралық ақындар айтысы

«Nur Otan» партиясының және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен 18 қыркүйек сағат 11:00-де және 19 қыркүйек сағат 18:00де, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының ғимаратында, мемлекет, қоғам қайраткері, ақын С.Сейфуллиннің 125-жылдығына және Жастар жылына арналған Халықаралық ақындар айтысы өтті.

Айтыстың мақсаты: қазақтың салт-дәстүрлерінің, әдебиеті мен мәдениетінің, ұлттық өнерінің өрістеуіне, ел арасында кең қанат жаюына кең жол ашу; жастардың мәдени, рухани дамуына, шығармашылық деңгейінің өсуіне, төл өнеріміздің өркендеуіне жағдай жасау.

Айтыстың ашылу салтанатында Тәттімбет атындағы Академиялық қазақ оркестрі және «Аққу» фольклорлық би ансамбілі өнер көрсетті.

Халықаралық жыр додасына Серік Хуанган – Монғолия Мемлекеті, Бүркітқазы Әділбек – Қытай Халық Республикасы, Женишбек Токтобеков – Қырғыстан Республикасы, Өміржан Көпбосын (Нұр-Сұлтан қаласы), Бауыржан Ширмендинұлы – Орал қаласы, Рүстем Акылбеков (Алматы қаласы), Бекарыс Шойбеков (Түркістан қаласы), Нұрмат Мансұр және Мұхтар Ниязов (Қызылорда қаласы), Жандарбек Бұлғақов (Алматы облысы), Айбек Қалиев (Қостанай облысы), Асем Жумагазина, Жұлдызай Маратбекова (Шығыс Қазақстан облысы), Алибек Сергалиев (Ақмола облысы) сонымен қатар Қарағанды облысынын мақтаныштары Мақсат Аханов, Айтбай Жұмағұлов, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов есімді айтыскер ақындар қатысты.

Қазақ халқының төл өнері айтысты «Айтыс ақындар мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы» РҚБ Басқармасының Торағасы, Қазақстан Респуликасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізді.

Айтыстын қазылар алқасының құрамында Еңбек ері, Қазақстан Республикасының халық артисі, қазылар алқасының төрағасы — Асанәлі Әшімов; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Құрмет» орденінің иегері — Нұртөре Жүсіп; Ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері – Серік Ақсұңқарұлы; Ақын, «Жұлдыз» журналының Бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты — Ғалым Жайлыбай; Ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері — Аманжол Әлтаев; Қазақстан Республикасының Халық ақыны — Әсия Беркенова; Ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор — Қойлыбай Асанов, Ақын, Қ.Мырзалиев атындағы орталықтың директоры — Бауржан Қалиоллалар төрелік етті.

Айтыстың қорытындысы бойынша:

  • Бас жүлде – Жандарбек Бұлғақов (Алматы облысы) және Мақсат Аханов (Қарағанды облысы);
  • І орын – Бауыржан Ширмендинұлы (Орал қаласы) және Өміржан Көпбосын (Нұр-Сұлтан қаласы);
  • ІІ орын – Мұхтар Ниязов (Қызылорда қаласы); Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов (Қарағанды облысы);
  • ІІІ орын – Бүркітқазы Әділбек (Қытай Халық Республикасы), Айбек Қалиев (Қостанай облысы), Әсем Ережеқызы (Шығыс Қазақстан облысы), Нұрмат Мансұр (Қызылорда облысы), Бекарыс Шойбеков (Түркістан қаласы);
  • Арайы жүлдеге — Женишбек Токтобеков (Қырғыстан Республикасы) және Жұлдызай Маратбекова (Шығыс Қазақстан облысы) ие болды.

Барлық ақындар шоқ гүлдермен дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Iс-шаралар

Меню