Балалар жылына арналған «Болашақ таланттар» форумы аясында хореографияның «Заманауи би» және «Классикалық би» бағыттары бойынша шеберлік сабақтары жайлы АҚПАРАТ

2022 жылдың 10 ақпанында Кеншілер мәдениет сарайында және Қарағанды Академиялық музыкалық комедия театрында Балалар жылына арналған «Болашақ таланттар» форумы аясында хореографияның «Заманауи би» және «Классикалық би» бағыттары бойынша шеберлік сабақтары өтті.

Форумның бастамашылары мен ұйымдастырушылары – Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Қатысушылар: мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру жөніндегі жобаға қатысушы -жеткізушілер, жетекшілер, педагогтар мен балалар.

Санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, іс-шараға 14 жеткізуші, барлығы 84 адам қатысты.

Форум барысында мемлекеттік мәдениет объектілерінің басшылары экскурсияны өткізе отырып, ғимараттардың тарихы туралы айтып берді, сондай-ақ Қарағанды облысының шығармашылық қызметкерлерімен және мәдениет және өнер қайраткерлерімен танысты, ұжымдардың шығармашылық қызметі мен дайындықтары көрсетілді.

USA әлем чемпионы, халықаралық конкурстардың лауреаты, «Мәртебелі би» балетінің дала-шоуының жетекшісі Дамир Төребеков хореография негіздері, ирланд және испан билерін орындау техникасы бойынша дәрістер, қазіргі заманғы би мастер-классын өткізді.

«Классикалық би негіздері» классикалық би бойынша мастер-классты (әр түрлі би бағыттары, әр стильде көрінетін классикалық негіздер) Қарағанды облысы әкімінің «Жылдың үздік хореографы» номинациясы бойынша сыйлығының иегері, Академиялық музыкалық комедия театрының қоюшы балетмейстері Татьяна Судакова –Попович өткізді.

Мастер-класс өткізілгеннен кейін барлық қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар табыс етілді.

Iс-шаралар

Меню