Балалар жылына арналған «Болашақ таланттар» форумы аясында бейнелеу өнері бойынша шеберлік сабақтарының өткізілгені жайлы АҚПАРАТ

2022 жылғы 12 ақпанда Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестікте балалар жылына арналған «Болашақ таланттар» форумы аясында шеберлік сабағын өткізді.

Форумның бастамашылары мен ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Қатысушылар-мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру жөніндегі жобаға қатысатын өнім берушілер, басшылар, педагогтар мен балалар.

Санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, іс-шараға 3 жеткізуші, барлығы 36 адам қатысты.

Іс-шара барысында «Арай», «Әуен», «Мерей» эстрадалық ансамбльдерінің ұжымдарымен және солистерімен, джаз оркестрімен, «Арқа сазы» фольклорлық ансамблімен таныстыру экскурсиясы өткізілді. Концерттік бірлестіктің жетекші солистерінің қатысуымен мастер-класс өткізілді.

Мастер-класс өткізілгеннен кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Iс-шаралар

Меню