Мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Жан шуағы» ХХVI облыстық фестивалінің АҚПАРАТЫ

2023 жылдың 4 қазан күні сағат 10.00 де Қарағанды қаласының К.Станиславский атындағы орыс драма театрында мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Жан шуағы» ХХVI облыстық фестивалі өтті.

Фестивальдің қолдаушылары – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Фестивальдің ұйымдастырушылары – Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.

«Жан шуағы» фестивалі мүмкіндігі шектеулі жандарды шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа таланттарды ашу, жұртшылықтың назарын аудару және мүмкіндіктері шектеулі жандардың көркемөнерпаздар өнерін насихаттау арқылы бейімдеу және әлеуметтік-мәдени жақсарту мақсатында өткізіледі.

Фестиваль қатысушылары-саңырау және нашар еститін, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған мәдени-демалыс ұйымдарының, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының, мүмкіндіктері шектеулі жандардың ерікті қоғамдарының қоғамдық бірлестіктерінің көркемөнерпаздар ұжымдары.

Фестиваль бағдарламасында: «Шексіз мүмкіндіктер әлемі» көрмесі өтті, оған суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қатысты. «Біз біргеміз және бұл біздің күшіміз!» Гала-концерті – әр ұйым 3-4 үздік әр түрлі жанрдағы концерттік номерлерін көрермендер назарына ұсынды. Сонымен «Күз ханшайымы» байқауы өтті. Конкурс алдын ала дайындалған келесі тапсырмалардан тұрды: Визитка (конкурсқа қатысушының түпнұсқа қойылымы), шығармашылық байқау, күзгі тақырыптағы сән көрсетілімі болды.

Байқау қорытындысы бойынша: Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан Оксана Ким «Көрікті ару», Саңыраулар мәдениет үйінен Гульдана Утегенова «Өнерлі ару», Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан София Петухова, Зағип және нашар көретін жандардың мәдениет үйінен Илона Боброва «Күз аруы», Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан Светлана Жаксылыкова «Кербез ару» номинацияларына ие болды.

Жалпы фестивальге Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Саран қалалары мен Абай, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Бұқар жырау аудандарынан 170-тен асатам қатысушылар қатысты.

 

Iс-шаралар

Меню