Шахтерлер Күніне арналған мерекелік концерт өтті — 2013

2013 жылдың 25 тамызында Шахтинск қаласының Мәдениет үйінің алаңында Шахтерлер Күніне арналған мерекелік концерт өтті. Сахнада Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері және Шахтинск қаласының көркемөнерпаздары өнер көрсетті. Шахтинск қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын Қазақстан және Ресей эстрадасының жұлдыздары қатысқан Гала концерт ерекше қуантты («KESH YOU» тобы, «Ауен» ансамблі және «Лейся песня» тобы). Мерекелік концерттің соңы салтанатты от шашулармен өз мәресіне жетті.

Iс-шаралар

Меню