Қарағанды облысының мәдени-сауық ұйымдарының жылдық есептері қабылданды

2026 жылғы 19–20 қаңтарда Кеншілер Мәдениет Сарайында Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы Мәдени-сауық Орталықтары, Мәдениет үйлері мен сарайларының қызметі бойынша жылдық есептері тыңдалды.

Алғашқы күні Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандарының Аудандық Мәдениет Үйлері мен Аудандық Мәдени-сауық Орталықтарының басшылары өз есептерін тапсырды. Келесі күні Балқаш, Қарағанды, Приозёрск, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларындағы қалалық Мәдениет үйлері мен қалалық Мәдени-сауық Орталықтарының басшылары есепті кезеңдегі жұмыс қорытындыларын ұсынды.

Іс-шара барысында негізгі жетістіктер мен алдағы қызметтің басым бағыттары айқындалды.

Iс-шаралар

Меню