«KÚI KERỲEN» музыкалық-этнографилық экспедиция жинағының тұсау кесер рәсімі туралы ақпарат

2020 жылдын қыркүйек айының 25-ші жұлдызында сағ.15:00-де Қарағанды қаласының Абай атандағы облыстық балалар кітапханасында «KÚI KERỲEN»  музыкалық-этнографилық экспедиция жинағының тұсау кесер рәсімі тікелей эфир арқылы өткізілді.

«KÚI KERỲEN» атты кітабы өнер және мәдениет қызметкерлеріне, студенттер мен жастарға, тарих зерттеушілеріне сонымен қатар жалпы көпшілік оқырман қауымға арналған.

Тұсау кесер рәсіміне экспедиция жетекшісі марқұм Қайролла Садуақасұлының қызы КТЖ аға диспетчері Зере Садуқасова және кітапқа еңгізілген күйші, бірнеше күйлердің авторы Ғалым Төтейұлы, Ақсу-аюлы ауданының тұрғыны, күйші Ертай Жәнібеков, Нұра ауданы Мұзбел ауылының клуб меңгерушісі, халық әндерінің орындаушы Қапан Бейбіт, Осакаров ауданы Қарағайлы ауылының тұрғыны, халық әндерінің шебер орындаушы Орынбек Туғанбайұлы, сонымен қатар — Қарқаралы ауданының тұрғыны, батагөй Тілеуқор Қанапияұлы қатысты.

Тұсау кесер рәсімін Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Мекежанұлы Нелдібаев  ашты. Барлық қатысушыларға кітаптар табыс етілді.

Тікелей эфир бағдарламасын @onmcdint инстаграм, фейсбук және ютюб  парақшаларынан көре аласыздар.

https://www.youtube.com/watch?v=2D6Snt2wqxk

Iс-шаралар

Меню