«Алтын кесе» атты үнтаспасының және ән жинағының тұсаукесер кеші туралы ақпарат

2014 жыл сәуір айының 24-інші жұлдызында сағ. 17:30-да «Шалқыма» концерт залының ғимаратында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамединнің «Алтын кесе» атты үнтаспасының және ән жинағының тұсаукесер кеші өтті.

Аталмыш шараға Райымбеков Саян, Мұхамеджан Толқын, Қасымов Еркебұлан, Мұсылманбек Жаннұр, Ардақ Мұқышев, Көшенов Ерғанат, Әнуар Адамбаев, Қалымбетова Алуа, Амангелді Қожамұратов, сынды Т.Қалмағамбетов атындағы ІІ-аймақтық әншілер байқауының жүлдегерлері қатысты.

Iс-шаралар

Меню