Ардагерлер ән салады атты фестиваль туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және Жеңіс Күніне арналған Қарағанды облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 5 мамыр күні Теміртау қаласының мәдениет Сарайында XXVІІ облыстық «Ардагерлер ән салады» атты соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының фестивалі өтті.
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы мұрындық болған шара барысында, «Мәңгілік алау» даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды.

XХVІІ облыстық фестивальге 25 хор ұжымы қатысады. Олар: Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Шет аудандары, Қарағанды, Саран, Теміртау, Шахтинск, Балқаш, Жезказған, Сәтбаев қалаларынан. 600-ден астам қатысушылары бар фестивальдің жас шамасы 55-тен – 90 аралығында. Хор ұжымдары соғыс кезіндегі және патриоттық бір ән орындады. Шара соңында қатысушыларға диплом мен ақшалай сыйлықтар ұсынды. Ауыспалы ту Саран қаласына қаласына өтті.

Демек, келесі жылы бұл фестиваль Саран қаласында өтетін болады. Фестиваль «Ән салайық, достар!» атты кездесу кешімен жалғасын тапты.

Iс-шаралар

Меню