«Зерде» ақпараттық-мәдени кешені өзінің концерттік бағдарламасын ұсынды

2019 жылдың тамыз айының 8-ші жұлдызында «Зерде» ақпараттық мәдени-демалыс кешені Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Қарағанды облысы Ұлытау ауданына қарасты Үміткер, Керней, Алғабас, Шешенқара, Қушоқы, Мустафина өңірлеріне барды.

«Зерде» ақпараттық мәдени-демалыс кешені барған өлкелерге өзінің концерттік бағдарламасын ұсынды. Концерттік бағдарламада «Қуаныш» үлгілі хореографиялық би ансамблі, «Жас қанат — 2019» байқауының лауреаты Молдабеков Сұлтан, «Жас қанат — 2019 » байқауының қатысушысы Төлегенов Баяман, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктін «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің күйшісі Каримов Елжас өнер көретті және Гоголь атындағы облыстық кітапхананың әдіскері Батырланқызы Гүлден «Рухани жаңғыру; Туған жер» бағдарламасы аясында дәріс оқыды.

Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челендж бұл жолы да халық арасында жалғасын тапты. Қатысушылар Абай Құананбаевтың қара сөздері мен бірнеше өлеңдерін оқып берді. Оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Барған елді мекендердін халқы дәң риза болып, өнерпаздарға ақ батасын беріп шағарып салды.

Iс-шаралар

Меню