I-Халықаралық «Жезкиік» фольклорлық музыка фестивалі

2018 жылдың 12  және 15 шілде аралығында тарихи өлкеміз Ұлытау ауданы мен Жезқазған қаласында I-Халықаралық «Жезкиік» фольклорлық музыка фестивалі өткізілді. Бұл фестивальге Мексика, Перу, Польша, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Франция, Шотландия, Жапон және Қазақстан мемлекеттерінен 11 — кәсіби ұжымдары қатысты.

 

Халықаралық фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Духовные святыни Казахстана» жобасы және арнайы «Туған жер» атты бағдарлама аясында өткізілді.

Фестивальдің басты мақсаты: Қазақстан жерінің материалды емес мәдени құндылықтарын сақтау, қазақ фольклорын сақтау және жандандыру, туристік кластерді дамыту, халық мәдениетінің барлық көптүрлілігін насихаттау болып табылады.

Фестивальдің міндеттері:  кәсіби ұжымдардың біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасу,  фольклорлық музыканы орындаушылардың жас мамандарын қолдау, халық музыкасын сақтау және дамыту,   алыс және жақын орналасқан шет елдермен мәдени байланысты қалыптастыру. Фестивальдің қызықты бағдарламасына: қатысушылардың марш-парады, фольклорлық музыка фестивалі, гала-концерт және классика музыкасының кеші кірді.

Фестивальге жан-жақтан келген қатысушылар біздің Отанымызбен танысу үшін, киелі Ұлытау жерінің көне, мәдени-тарихи ескерткіштері Жошы хан және Алаш ханның мавзолеилеріне, «Хан Ордасы» тарихи кешеніне барып, етене танысты.

Гала концертте мемлекетіміздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан қатысушыларға мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы құттықтау сөзін айтты. Сонымен қатар фестивальдің қатысушыларын Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов және «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары  Маулен Ашимбаев құттықтады.

Гала концерттің финалында Қарағанды облысының түрлі хореографиялық ұжымдарының орындауында «Қара жорға» биі қойылды. Музыкалық кеш «Ұлытау» тобының өнер көрсетуімен аяқталды.

Халықаралық «Жезкиік» фольклорлық музыка фестивалін  Әзербайжан, Австрия, Армения, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Рессей, Өзбекстан елдерінен келген 17-солисттердің қатысумен классикалық музыка кеші жалғастырды.

 

Iс-шаралар

Меню