«Жас қанат» ХX облыстық конкурсы

2016 жылы 31 наурыз – 1сәуір аралығында кеншілер мәдениет Сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жас орындаушылар мен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің «Жас қанат» ХX облыстық конкурсы өткізілді. Ұйымдастырушы – Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.

Конкурсқа Қарағанды облысының барлық аудандарынан 23 жас орындаушы мен 15 шоу-бағдарламаларды жүргізушілер қатысты.

30 наурыз күні “Гранат” караоке-клубында қатысушылар үшін салтанатты жеребе тарту рәсімі ұйымдастырылды. Жеребе тарту рәсімінде ұйымдастыру алқасы барлық үміткерлерге жақсы тілектер айтып, шығармашылық табыстар тіледі. Сонымен қатар, қатысушыларға “Жас қанат — 2016” ХХ мерейтойлық  конкурсының арнайы буклеттерін сыйлады.

31 наурыз күні сағ. 10.00-де “Шоу-бағдарламаларды жүргізушілер” номинациясының талапкерлеріне белгілі жүргізуші, продюссер, «JA» (джи-ай) студиясының жетекшісі (Астана қ-сы) Жанна Аубакированың шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

Конкурстың І кезеңінің алдында сағ. 16.00-де қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің қатысуымен пресс-конференция өтті. Биылғы жылы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, К.Байсейтова атындағы Республикалық конкурсының лауреаты, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің бас директоры Талғат Ыдырысов бастаған қазылар алқасының құрамына ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Жас қанат” І Республикалық конкурсының жеңімпазы, әнші, сазгер Ерлан Көкеев, «Жас қанат — 2003» облыстық конкурсының лауреаты, «SUPER STAR kz» мега жобасының финалисті, әнші, композитор Роман Ким, «Жас қанат — 2000» облыстық конкурсының лауреаты, Дүниежүзілік шығармашылық чемпионатының Күміс жүлде иегері (АҚШ, Лос-Анджелес), «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалінің лауреаты Юлия Штыкова, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, «Жас қанат» республикалық конкурсының музыкалық редакторы Думан Баймагамбетов,  «Жас қанат — 1999» областық конкурсының лауреаты,  «Жас қанат-99» Республикалық конкурсының дипломанты Айдос Бекмагамбетов, Шоу-бағдарламаларды жүргізушілер номинациясының «Жас қанат-2005» областық конкурсының лауреаты, белгілі жүргізуші, продюссер, «JA» (джи-ай)  арт-студиясының жетекшісі (Астана қ-сы) Жанна Аубакирова шақырылды.

 Сол күні сағ. 14.00-де конкурстың І кезеңі басталып, қатысушылар патриоттық тақырыпта әндерін орындап шықты. Ал жүргізушілер болса, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын сөзге тиек етіп, орындаушыларды хабарлады.

1 сәуір күні сағ. 17.00-де Конкурстың ІІ кезеңі басталды. Жас орындаушылар еркін тақырыпта әндерін орындаса, жүргізушілер өз потенциалдарын ашып, көрерменге ұмытылмас шоу сыйлады.

Ал сағ. 18.00-де қазылар алқасы, өткен жылдар лауреатары мен «Жас қанат» ХХ облыстық конкурсы жеңімпаздарының қатысуымен Гала-концерт өтті. Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында Ерлан Кокеев, Роман Ким, Юлия Штыкова, Думан Баймагамбетов, өткен жылдардың лауреаттары: Н.Овчарова, Ж. Тойшибеков («Жас канат — 2003»  облыстық конкурсының лауреаты),  Д.Ширекбаева  («Жас канат — 2009» облыстық конкурсының лауреаты),  А.Игембеков («Жас канат — 2009» облыстық конкурсының лауреаты),  Н.Монголхан («Жас канат — 2009» облыстық конкурсының лауреаты), Ф. Сапан («Жас канат — 2010» облыстық конкурсының лауреаты, «Х-фактор» және «Қазақстан дауысы» теле жобаларының финалисті, «Скандинавская волна» халықаралық конкурсының Гран-при иегері  (Финляндия, Турку қ-сы),    концерттік бірлестіктің әншілері Г.Серикова, Г.Жукупбаева, А.Каппасов; А.Ашимбекова («Жас канат — 2015» облыстық конкурсының лауреаты), Л.Айтбаева («Жас канат — 2014» облыстық конкурсының лауреаты, «Жас канат — 2015» Республикаылқ конкурсының Күміс жүлде иегері «Қазақстан дауысы» тележобасының финалисті) өз өнерлерін көрсетті. Гала концертті облыстық конкурсының өткен жылдар лауреаттары Н.Умиртаева («Жас қанат — 2010») және Б.Бекмурза ( «Жас қанат -2008»), С.Урываев («Жас қанат — 1998») және О.Лисица («Жас қанат — 1999»),  А.Бекмагамбетов («Жас қанат — 1999») және Ж.Аубакирова («Жас қанат — 2005»), А.Мусин («Жас қанат — 2001»), Д.Косшыбаева («Жас канат — 2000») және Е.Найманбай («Жас канат — 2000») жүргізді.

Екі күндік конкурсының қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушыларға келесі орындарды тағайындады:

«Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша:

 Бас жүлде және «Сарыжайлау» кинотеатрының арнайы сыйлығымен  – Арманай Абдымамунова (Қарағанды қ-сы, Жаңа Майқұдық МҮ);

  • І орын – Олжас Толегенов (Сәтпаев қ-сы);
  • ІІ орын және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің арнайы сыйлығымен – «Талшын» триосы  (Қарағанды қ-сы);
  • ІІ орын и және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің арнайы сыйлығымен – Боген Диас (Бұқар жырау ауданы);
  • ІІІ орын – Аида Жылкайдарова (Қарағанды, ҚарМТУ);
  • ІІІ место – Ернур Тлеуберлин (Шет ауданы).

«Патриоттық әнді үздік орындағаны үшін» номинациясымен — «Арын» триосы (Қарағанды қ-сы, Е.А. Букетов атындағы КарМУ);

«Көрермендер көзайымы» номинациясымен — Куляш Шаншарбаева (Қарағанды қ-сы, Е.А. Букетов атындағы КарМУ) марапатталды.

«Шоу-бағдарламаларды жүргізушілер» номинациясы бойынша:

  •  І орын –Гулдана Тлегенова (Сәтпаев қ-сы);
  • І орын – Алихан Абылбаев (Қарағанды қ-сы, кеншілер мәдениет Сарайы);
  • ІІ орын – Еркеназ Алтайбаева (Қарағанды қ-сы, кеншілер мәдениет Сарайы);
  • ІІ орын – Гулжайнар Шораева (Осакаров ауданы);
  • ІІІ орын – Виталий Лукьянов (Қарағанды қ-сы, ҚарММУ);
  • ІІІ орын – Салтанат Кошкарбаева (Теміртау қ-сы).

 

Сонымен қатар  кәсіби жүргізуші Ж.Аубакированың «Астана қаласында жүргізушілікке оқу» сертификатымен Гүлбакыт Токенова (Жезқазған қ-сы) марапатталды.

Iс-шаралар

Меню