«Халықтың мәдени бос уақытын ұйымдастыру және 2024 жылғы перспективалық міндеттер» семинар-практикумы өткізілді

2024 жылдың ақпан айының 27 жұлдызында Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды облысының мәдениет қызметкерлеріне арналған «Халықтың мәдени бос уақытын ұйымдастыру және 2024 жылғы перспективалық міндеттер» семинар-практикумы өткізілді.

Семинар-практикум барысында Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Индира Бақытқызы Канафина «2023 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының мәдени-сауық ұйымдарының қызметін талдау» тақырыбы бойынша баяндама оқыды.

Қарағанды облысының Мәдениет үйлері мен МСО басшылары Қарағанды облысының мәдени-сауық ұйымдарының өзекті мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді.

ОМСжХШҒӘО халық шығармашылығы бөлімінің жетекшісі Марина Федоренко 2024 жылғы облыстық байқаулар мен фестивальдерді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі негізгі міндеттерді атап өтті.

ОМСжХШҒӘО мәдени-сауық қызметі бөлімінің жетекшісі Алтынай Нурманбаева қазіргі жағдайдағы мәдениет және демалыс саябақтарының қызметі жайлы дәріс оқыды.

«Сарыжайлау» кинотеатрының көрме залында ОМСжХШҒӘО талдау, мониторинг және әдістемелік жұмыс бөлімінің жетекшісі Назгүл Байкенова МСҰ әдіскерлеріне арналған «Мәдени-сауық ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз ету» семинар – практикумын ұйымдастырды.

Кеншілер мәдениет сарайының екінші қабытының фойесінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Байқара Садвакасов фольклорлық ансамбльдердің жетекшілеріне арналған «Ғасырлар пернесі» семинар–практикумын өткізді.

Семинар-практикумға Қарағанды облысының қалалық және аудандық мәдениет сарайлары мен үйлерінің, мәдени-сауық орталықтарының басшылары, әдіскерлер, көркемдік жетекшілер, мәдениет және демалыс саябақтарының басшылары, фольклорлық ансамбльдердің жетекшілері қатысты. Қатысушылар саны 95 адамды құрады.

Мәдени-сауық ұйымдарына 2024 жылға арналған облыстық фестивальдар мен байқаулардың ережелер жинағы, Салим Ізтілеуовтың фольклорлық ансамбльдерге арналған партитуралар жинағы, композитор Амангелді Ахметжановтың «Айналайын» әндер жинағы, «Сүйікті жас қалам» атты Қарағанды туралы әндер жинағы табыс етілді.

Iс-шаралар

Меню