Aуылшаруашылық қызметкерлері күні атап

Қарағандыда ауылшаруашылық қызметкерлері күні атап өтілді. Салтанатты шара К.Станиславский атындағы орыс драма театрында өтті.

Театр холлында бұл күні көрме ұйымдастырылды. Фермерлер Қарағанды аймағында өндірілетін өнімдерді: ет, шұжықтар, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, дәнді-дақылдарды, косметикалық және емдік заттарды өндіруде пайдаланылатын сублимацияланған бие сүтін де көруге болды.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ауыл тұрғындары мерекесімен құттықтап, ерен еңбектері үшін алғысын білдірді. Салтанатты жиында ауыл шаруашылық саласының үздік қызметкерлерін марапаттады.

Іс шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Бағдарламада облысымыздың көркемөнерпаздар ұжымдары, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби артистері және Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Досымжан Таңатаров пен Ескендір Хасангалиевтер өз өнерлерімен халықты тамсандырды.

Iс-шаралар

Меню