Конституция Күніне — 2013

2013 жылдың 28 тамыз күні Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында Конституция Күніне арналған қоғамның салтанатты жиыны өтіп, аймағымыздың азаматтарына салтанатты түрде төсбелгілер мен Құрметті азамат куәліктері табыс етілді.

den-konstitucii-2013-1-image001

Салтанатты жиынға қала және аудан әкімдері, облыстық құрылымдардың басшылары және жоғарғы оқу орындарының ректорлары, Сенат және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаттары, облыс маслихаты, соғыс және еңбек ардагерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және кәсіподақтардың өкілдері қатысты.

Қарағанды облысы әкімі Бауыржан Әбдішев Сұлтан Досмағамбетов және Қамза Жұмабеков сынды еңбек ардагерлері мен «Құмет» орденінің иегерлеріне   салтаттаты тұрде төсбелгілер мен Құрметті азамат куәліктерін табыс етті. Сонымен қатар төсбелгілер мен Қарағанды қаласының Құрметті азаматы куәліктері Қазақ ССР-інің бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазбек Ашляевке, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Геннади Головкинге және Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің профессоры Темірғали Көкетайға табыс етілді. Сонымен бірге аймақ басшысы Қазақстан Республикасы Халықтар Ассамблеясының Алғыс хаттарын «Литуаника» атты литва этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Татьяна Ивановаға және «Джорджия» атты грузин этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Людмила Долидзеге табыс етті. Сонымен қатар облыс әкімі грамотасы ерекше көзге түскен қызметкерлерге берілді.

Салтанатты түрде марапаттау рәсімінен кейін төменде аты аталған әртістердің қатысуымен Гала-концерт өтті:

  • Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері, «Волшебная страна», «Шолпан», «Аяла», «Садрикия», «Танцующая долина» және «Қуаныш» сынды хореографиялық ұжымдар,
  • Тәттімбет атындағы Акдемиялық оркестр, дирижеры ҚР еңбек сіңірген қайраткері — Әбуғалисың Шоқанбаев,
  • ҚР еңбек сіңірген қайраткері — Жамиля Баспақова,
  • Әнші — Парвиз Назаров және ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева.

Iс-шаралар

Меню