Наурыз мейрамы мерекесіне арналған қайырымдылық концерті

15 наурыз күні Шахтинск қаласының «№1 опозициялық бұзылуды тұғызатын балаларға арналған ОММИ» КММ-де Наурыз мейрамы мерекесіне арналған қайырымдылық концерті өтті.

Мектеп-интернат тәрбиеленушілері үшін ойын-сауық және концерттік бағдарлама дайындалды. Балалар ерекше ықыласпен Қарағанды қаласының «Мирэдо» тобын қарсы алды. Топ мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде көптеген әндер орындады. Бұл концерт көрермен қауымына ерекше әсер тигізді. Мектеп-интернат ұстаздарының бағдарламаға белсенді қатысуы үлкендер мен балалар арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға, көтеріңкі көңіл-күймен бөлісуге мүмкіндік берді. Іс-шара соңында демеушілердің ұсынуымен балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Iс-шаралар

Меню