Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған қайырымдылық концерт жайлы

28 қазан облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған қайырымдылық концерт өткізілді.

Концерттік бағдарламада Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайының бұқаралық бөлім басшысы Әсем Бейсембаева, «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблі және орталықтың мәдени қызметкерлері Әсем Жармағанбетова, Еркебұлан Елтай, Эленора Матюшенко өнер көрсетті.

Келген көрермен ризашылығын білдіріп, орталық басшысы Алғыс хат табыстады.

Iс-шаралар

Меню