«Біздің жүрек сізге арнап жыр жазады»

2024 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында әйгілі ақын, айтыскер Тілеген Әділовтың 50 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Іс-шара «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегерін құрметтеу мақсатында ұйымдастырылды және «Біздің жүрек сізге арнап жыр жазады» атауымен өтті.
Кешті Қарағанды облысының әкімдігінің қолдауымен Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырды. Шара барысында ақынның шығармашылығын дәріптейтін «Тарланкөк» және «Жалғыз досым бар менің» атты кітаптардың тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, Тілеген Әділовке дәстүрлі шапан кигізіліп, алғыс хат табыс етілді.
Бұл кешке ақынның шығармашылығын бағалайтын көптеген жанашырлары, айтыс өнерінің өкілдері және өңірдің танымал тұлғалары қатысты. Мерейтой иесінің шығармашылығы кеңінен насихатталып, көрермендерге рухани азық беретін мазмұнды кеш болып өтті.

Iс-шаралар

Меню