Баспасөз хабарламасы «Армысың, әз Наурыз»

Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы-термешілер мектебінің ұйымдастыруымен Алашорда көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155, мемлекет және қоғам қайраткері, математикадан тұңғыш қазақ профессоры Әлімхан Ермековтың 130, Алашорда үкіметінің мүшесі, қайраткер Жақып Ақбаевтың 145 жылдығына  арналған «Армысың, әз Наурыз» атты дәстүрлі облыстық ақындар айтысы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Академиялық қазақ драма театрында 2021 жылдың наурыз айының 18-ші жұлдызында сағ.14.00-де өтті.

Айтыстық мақсаты: Айтыскер ақындардың шығармашылығының қалыптасып, дамуына жағдай жасау. Дарынды ақындардың жыл басы Наурызды жырға қоса отырып, Алаш Орда көсемі Әлихан Бөкейхановқа 155 жыл, Тұңғыш заңгер Жақып Ақбаевқа 145 жыл, Тұңғыш математик Әлімхан Ермековке 130 жыл толуын тілге тиек ету. Айтыс өнерін насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу. Халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және елдің санасына сіңдіру.

1 часть:

2 часть:

Ақындар айтысының шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлының алғы сөзімен ашылды.

Облыстық жыр додасына Қарағанды, Теміртау, Сәтбаев, қалалары мен Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра аудандарынан 6 жұп қатысты.

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері, Республикалық конкурстардың лауреаттары Медет Осатаев пен Айнұр Дәулетбаева және «Қуаныш» үлгілі хореграфиялық ансамблі  өнер көрсетті.

Халықаралық, Республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары Аманжол Әлтаев, Қойлыбай Асанов, Ерсін Мұсабеков, Дидар Қамиев, Тілеген Әділов, Мақсат Ақановтан құралған қазылар алқасы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан ақындарды анықтап бірінші кезеңнен екінші кезеңге өткізді.

Екінші кезеңге қазылар алқасының әділ шешімі бойынша Доскей Ботпай, Нұрлыбек Төкенов, Төрехан Совет және Бекарыс Оспанов өтті.

Айтыс қортындысы бойынша:

  • Бас Жүлде-Төрехан Совет (Қарағанды қаласы.);
  • 1 орын-Бекарыс Оспанов (Қарқаралы ауданы.);
  • 2 орын-Доскей Ботпай, Нұрлыбек Төкен (Бұқар Жырау ауданы.);
  • 3 орын-Абзал Мақаш, Жанарыс Тілеубек (Сәтбаев, Теміртау қаласы.);
  • Еркеғали Бекболат-«Әлихан Бөкейханов» атындағы арнайы жүлде (Теміртау қаласы.);
  • Нұрсұлтан Рымбай-«Әлімхан Ермеков» атындағы арнайы жүлде (Қарағанды қаласы.);
  • Жандос Бақытұлы-«Жақып Ақбаев» атындағы арнай жүлде (Нұра ауданы.);
  • Мәди Олжабай (Сәтбаев қ.), Әлихан Ерғалиев (Теміртау қаласы.), Әлихан Нығыметолла (Қарағанды қ.) алғыс хаттармен марапатталды.

Iс-шаралар

Меню