«Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру мәселелері» облыстық семинары жайлы АҚПАРАТ

2023 жылдың 21 сәуірінде Қарағанды қаласының «Шахтер» стадионының аула клубтарының базасында Қарағанды облысының қалалық және аудандық мәдениет сарайлары мен мәдениет үйлерінің, мәдени-сауық орталықтарының көркемдік жетекшілері, әдіскерлері мен мәдени ұйымдастырушылары үшін «Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру мәселелері» атты облыстық семинары өтті. (40 қатысушы)

ОМС және ХШҒӘО басшысының орынбасары Г.Ж.Рахметова кіріспе сөз сөйледі. Балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру нысандарының бірі ретінде әуесқой бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру принциптерін, түрлерін, құжаттамасын жүргізуді орталықтың МТӘЖ бөлімінің жетекшісі Н.С.Байкенова өз баяндамасында атап өтті. Қатысушыларға халыққа сауалнама жүргізу мақсатында онлайн сауалнама сервистері мен конструкторлары көрсетілді.

«Шахтер» КМҚК директорының орынбасары Г.К.Шегенова Қарағанды қаласының балалар-жасөспірімдер клубтарының қызметімен, халықтың әртүрлі санаттарымен таныстырып, құрылымын, даму бағдарламасын, жұмысты ұйымдастыру принциптерін атап өтті. Сондай-ақ, балалар мен жастардың жазғы демалысын ұйымдастыру шеңберінде өткізілетін жобалар, конкурстар мен фестивальдар туралы: «Мен тұратын аула» фестивалі, батпырауықтар фестивалі, «Демалыс күнгі клуб» жобасы, «Әр аулаға спорт» жобасы, «Локомотив» спорт кешені жанындағы жазғы спорт лагері, жазғы алаңдардың жұмысы туралы хабардар етті.

Семинарға аула клубтарының басшылары, нұсқаушы-әдіскерлері А.С.Аманжолова, А.А.Литвинас, Н.Н.Өміртай қатысып, балалармен және жастармен жұмыс тәжірибесімен, практикалық кеңестерімен бөлісті.

Теміртау мәдениет сарайының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы В.В.Павлик өз сөзінде бөлімнің жұмысы, өткізілетін іс-шаралары, еріктілерді тарту, Арман Дала жазғы лагерьдің жұмысы туралы баяндады.

Теміртау қаласының «Магнитка» КВН лигасының басшысы А.И.Ли, балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру бағыттарының бірі КВН тақырыбын сипаттады.

Шахтинск қаласындағы «Қарлығаш» аула клубының нұсқаушы-әдіскері С.А.Пьяных балалар мен жасөспірімдер аула клубтары арасындағы үздік әлеуметтік жобалар байқауына «Ойын бөлмесі» жобасымен қатысқан тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың екінші бөлімінде қатысушылар «Солнышко», «Ровесник», «Астана» аула клубтарымен танысты. Балалар іс-шарасы, жаттығу сабақтары және актерлік шеберлік бойынша мастер-класс өткізілді.

Семинар барысында қатысушыларға әдістемелік әдебиеттер табысталды:

  1. Ғ.Мерсалимовтың музыкалық шығармалар жинағы;
  2. «Қызығушылықтары бойынша әуесқой бірлестіктер – бос уақытты өткізудің бір түрі» әдістемелік ұсынымдар жинағы;
  3. Т. Құтжановтың «Сағым күндер» әндер жинағы.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар арасында онлайн сауалнама жүргізілді.

Iс-шаралар

Меню