Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Кенжебалақызы Омарбекованың құрметіне арналған «Өнердің ұлпаны» атты мерейтойлық кеші жайлы АҚПАРАТ

2023 жылдың ақпан айының 9-шы жұлдызында, Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы Академиялық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Рымбала Кенжебалақызы Омарбекованың құрметіне арналған «Өнердің ұлпаны» атты мерейтойлық кеші өтті.

Іс-шара барысында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ербол Шымкентбайұлы Аликулов құттықтап, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құттықтауы мен гүл шоқтарын табыстады.

Концерттік бағдарламада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисті Ербол Тәжібаев, К.Станиславский атындағы орыс драма театрының және С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының актерлері, Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының, Кеншілер мәдениет сарайының, Зағиптар мен нашар көретіндер мәдениет үйінің және Саңыраулар мәдениет үйінің, «Сарыжайлау» кинотеатрының, Академиялық музыкалық комедия театрының, Қ.Байжанов атындағы концертік бірлестіктің ұжымдары, кітапхана мен музей қызметкерлері, аудандардың мәдениет бөлімдерінің бұрынғы меңгерушілері, Қарқаралы ауданының «Салтанат» халықтық ән-би ансамблі, «Қарқаралы» триосы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Киппым» халықтық корей ансамблі, Абай ауданының «Русалица» этно-мәдени бірлестігінің ансамблі, Бұқар жырау аудынының мәдени-сауық орталығының меңгерушісі Қазбек Талашев, Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары» халықтық ансамблі, жасөспірім көрермендер театрының актерлері, республикалық және облыстық конкурстардың лауреаты Асхат Игембеков (Балқаш қаласы), Қарағанды және Теміртау қалаларының ұжымдары өнер көрсетті.

Барлығы Рымбала Кенжебалақызын мерейтойымен құттықтап, өз өнерлерін көрсеттіп, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыстады.

Iс-шаралар

Меню