Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – менің Отаным!» онлайн концерті

Құрметті Отандастар! Сіздерді – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы!

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған Қарағанды облысының көркемөнерпаздар ұжымдарының «Қазақстан – менің Отаным!» атты онлайн концертті назарларыңызға ұсынамыз.

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – менің Отаным!» атты онлайн концерт «Облыстық мәдени-сауық және халық хығармашылығының ғылыми әдістемелік орталығы» КМҚК ресми сайты мен әлеуметтік желілері арқылы көпшілікке ұсынылды.

Концерттік бағдарламада «Қуаныш» (ОМСжХШҒӘО), «Нұрби» (Қарағанды қаласы), «Ветерок» (Балқаш қаласы), «Аңыз» (Қарқаралы ауданы) үлгілі хореографиялық ансамблдері,  Камшат Досжанова (Қарқаралы ауданы), Бұлбұл Мақшонова (Ақтоғай кенті), Анаргүл Наурызхан (Осакаров ауданы) «Русалица» вокалдық ансамблі (Абай ауданы), «Томирис» би ансамблі (Ақтас кенті) өнер көрсетті.

Iс-шаралар

Меню