Кезекті кезең 14 сәуір күні Қарағанды қаласындағы Горняков мәдениет сарайында өтті. Шығармашылық ұжымдар өз бағдарламаларын ұсынып, кәсіби деңгейін көрсетті.
Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының «Айтұмар» хореографиялық ансамблі «Үлгілі» атағына үміткер ретінде сахнаға шықты. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу университетінің «Шаттық» студенттік театры «Халықтық» атағын алу мақсатында өнер көрсетті.
Сонымен қатар, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің «Надежда» ардагерлер хоры «Халықтық» атағына үміткер болды. «Молодежный» мәдениет үйінің «Best» заманауи би мектебі «Үлгілі» атағын алуға ниет білдірді. Сондай-ақ, Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің «Дәуір» вокалдық-аспаптық ансамблі «Халықтық» атағына үміткер ретінде өз бағдарламасын ұсынды.





























