«Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 21 наурызда С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Аламанға Арқа аймағының арқалы ақындары қатысты. Ұлттық дәстүрмен сабақтасқан айтыс өнері, дәстүрлі «Шашу» биімен басталып, қазақы дәстүрмен шашу шашылды.

Кештің негізгі қатысушы жұптары: Дидар Ками – Нұрмұхаммед Байсүгір, Мұхтар Әділов – Еркеғали Бекболат, Жанарыс Тілеубек – Әлихан Сейфолла, Әлихан Ерғалиев – Нұрлыбек Төкенов.

Айтыс жүргізушісі – Айтбай Жұмағұлов.

Ұлттық өнерге сарапшылық жасаған: филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асан және Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры Төлеубаева Камшат Аманбайқызы.

Мереке аясында ұйымдастырылған облыстық ақындар айтысында өнер көрсеткен қатысушыларымызға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Облыстық ақындар айтысында:

  • Бұқар жырау атындағы арнайы жүлдемен – Дидар Ками;
  • Досқей Әлімбаев атындағы арнайы жүлдемен – Нұрмұхаммед Байсүгір;
  • Жамбыл Жабаев атындағы арнайы жүлдемен – Мұхтар Әділов;
  • Маясар Жапақов атындағы арнайы жүлдемен – Әлихан Сейфолла;
  • Қайып Айнабеков атындағы арнайы жүлдемен – Әлихан Ерғалиев;
  • Жүрсін Ерман атындағы арнайы жүлдемен – Нұрлыбек Төкен;
  • Көшен Елеуов атындағы арнайы жүлдемен – Жанарыс Тілеубек;
  • Шашубай Қошқарбайұлы атындағы арнайы жүлдемен – Еркеғали Бекболат марапатталды.

Бұл айтыс – қазақтың рухани қазынасын жаңғыртып, жас ақындарға үлкен мүмкіндік берген нағыз ұлттық өнер мерекесі болды.

Iс-шаралар

Меню