Ардагерлер хор ұжымдарының ХХХІI облыстық «Ардагерлер ән салады» фестивалі жайлы АҚПАРАТ

Соғыс және еңбек ардагерлері хорларының жұмысын насихаттау және жетілдіру, орындаушылық шеберлік деңгейін және репертуарын арттыру мақсатында 2023 жылғы 3 мамырда Балқаш қаласының  М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында ардагерлер хор ұжымдарының ХХХІI облыстық «Ардагерлер ән салады» фестивалі өтті.

Алдымен қатысушылар  Даңқ мемориалына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Фестивальде 55 және одан жоғары жастағы жандардан құралған Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Шет аудандарының және Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының хор ұжымдары өнер көрсетті.

Әр ұжым әскери және еркін тақырыпта әндер орындады.

Фестиваль қатысушыларына дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Фестиваль соңында ардагерлер дәстүр бойынша мерекелік түскі ас берілді, онда Балқаш қаласының көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

Iс-шаралар

Меню