4 сәуір күні сағат 10:00-де Н.Әбдіров атындағы спорт сарайында турнирдің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға өңірдің қала-аудандарынан келген қатысушылармен қатар мемлекеттік қызмет, мәдениет, білім беру, спорт және басқа да салалардың өкілдері қатысты.
Бұл турнир зияткерлік спортты дамытуға, қатысушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және салауатты бәсекелестік рухын қалыптастыруға бағытталған.
Барлық ойыншыларға сәттілік тілейміз.
























