Ақтоғай ауданының аудандық мәдени-сауық орталығы

Арқа белі Ақтоғай атанған бұл өлкенің Тоқырауын өзені, Қайдауыл-Шеруке жерінен бастаған жүздеген бұлақтардан құралып келіп, Балқаш көліне құяды.

Осы Тоқырауын өзеннің бойын қуалай орналасқан малшы, диханшы ауылдың  ортасынан қазақтың біртуар  ақиық ақыны, сазгер, әншісі Әсет Найманбайұлы қазақтың бұлбұлы атанған, күміс көмей әншісі кезінде СССР халық артисі атанған Күләш Байсейітова, арқаның ақиық әншісі Манарбек Ержанов, сазгер, күйші атақты Ахмет қызы Аққыз әже, Огинскийдің «Полонезін», В.А.Моцарттың «Рондосын», т.б. шет ел музыкаларын, қазақтың шертпе күйлерінің майталман шебері, шет ел сахнасына қазақтың домбыра аспабының құдіретін танытқан күйші Мағауия Хамзин сияқты өнер жұлдыздары шыққан.

1930 жылдан бастап «Қызыл отау»  болып құрылып,ел арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп шағын концерттер беріп бастады.

1949 жылы клуб үйін алғашқы басқарған басшысы – Тұрған Түсіпбаев. 1956 жылы клуб үйі Мәдениет үйі болып аталды.

1965 жылы көркемөнерпаздар ұжымы ансамбль болып құрылып, оның аты «Тоқырауын толқындары» болып аталды.

1970 жылы жаңа Мәдениет үйі берілді.

Қәзіргі таңда Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығының директоры Қожамбаев Ғибрат Медетұлы. 2023 жылдан басқарып келеді.

Осы уақыт ішінде Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы бүкіл аймаққа, облысқа, республикаға, шет елдерге танылып өнерлерін көрсетіп үлгерді.

Ақтоғай мәдени бос-уақыт өткізу орталығына қарасты 1 мәдениет үйі,  18 ауылдық клуб үйлері жұмыс жасайды: Ақтоғай мәдениет үйі, Сәуле, Нүркен, Сарытерек, Шабанбай би, Үшарал, Ақжарық, Ақтас, Тасарал, Жалаңаш, Ортадересін, Нарманбет, Айыртас, Қошқар, Қуаныш, Кежек, Абай, Сарышаған,  Шашубай.

Ақтоғайда жыл сайын дәстүрлі түрде аудан тумалары  дәстүрлі әнші А.Аханов атындағы «Ақ қайың» аймақтық дәстүрлі әншілер байқауы,  Шертпе күйдің шебері Аққыз Мүгілсімқызың атындағы «Күй-құдіреті» аймақтық  байқауы, Манарбек Ержанов  атындағы «Сайра бұлбұл» аймақтық  байқауы, К.Байсейтова атындағы әншілер байқауы, Ауылдық округтер,мекеме,мектеп арасында өткізілетін әртүрлі тақырыпта өткізілетін «Сенбілік кештер». Сонымен қатар барлық республикалық, облыстық маңызы бар барлық мәдени іс-шараларға атсалысып жұмыс жасап келеді. Жас таланттарды іздеу мақсатында жыл сайын «Еркетай», «Жаңа есімдер», «Балдәурен», «Жас қанат», «Жігіт сұлтаны», «Жақсы келін ырысың» т.с.с түрлі байқаулар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Қазіргі таңда Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы бойынша 79 үйірме жұмыс жасап, оған 1835 қатысушы бар, оның ішінде 56 көркемөнерпаздар ұжымы бар, қатысушы саны – 1376.

5 көркемөнерпаздар ұжымының «халықтық» атағы бар. «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі  (1975 ж. халықтық атақ алған), «Балбырауын» халықтық би ансамблі  (1988 ж. халықтық атақ алған), «Ақтоғай» халық театры (1971 ж. халықтық атақ алған), «Сарыжайлау» халықтық ұлт аспаптар ансамблі (1984 ж. халықтық атақ алған), «Шалқар» халық театры  (1979 ж. халықтық атақ алған).

Iс-шаралар

Меню