«Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық командалық айтыста Шығыс Қазақстан құрамасы мен Қарағанды облысының командасы өнер көрсетті, тартысқа толы додада шығыстық өнерпаздар келесі кезеңге өтті
Шығыс Қазақстан облысында өткен жыр додасында жерлестеріміз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ұлттық өнердің түрлі жанрларын лайықты дәрежеде насихаттай білді. Командалық форматта ұйымдастырылған байқауда айтыспен қатар терме, жыр, халық әндері мен күй орындалып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйланды
Қарағандылық ұжым сапында:
- команда жетекшісі Айтбай Жұмағұлов
- термеші Дәуренбек Аркенов
- қайым айтыс шебері Дидар Қами
- күйші Балқан Смағұлов
- дәстүрлі әнші Шыңғыс Сәрсенбай
- сүре айтыс шебері Еркеғали Бекболат
- қыз бен жігіт айтысының шебері Нұрмұхаммед Байсүгір
- жыршы Нұрәлі Ботпай
- жас өнерпаз Дәулен Дарын өнер көрсетті
Айта кетерлігі, Қарағанды командасы командалық айтыстың 2025 жылғы жеңімпазы болып табылады. Жерлестерімізге көрсеткен өнерлері үшін алғыс білдіреміз, алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!






















