Абай күніне арналған ашық микрофон іс-шарасы жайлы АҚПАРАТ

ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың мәдени  мұрасын көпшілікке, жас ұрпаққа насихаттау, Абай шығармашылығын сүйіп оқуға , өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, жас ұрпақтын білім-ғылымға құмарлығын арттыру, рухани  адамгершілік тәрбие беру мақсатында 2023 жылдын 10 тамыз күні орталық мәдениет және демалыс саябағында жарықтың жоқтығына қарамастан Абай күніне арналған ашық микрофон іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары  Құрмаш Ыбышев, Нұрлытаң Ермек, Нұрбол Темірғалиев қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының әндерін орындады.

 

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары Хәкім Абайдын шығармаларын оқыды. Барлық оқырмандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Iс-шаралар

Меню