Абай ауданының мәдени-сауық орталығы

Валентина Нығматқызы Ақсанова – «Абай аудандық мәдени сауық орталығының-жетекшісі

Абай ауданының әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымында клуб типтес 15 стационарлық мәдениет кәсіпорындары бар, олардың ішінде:

  • Абай қаласындағы аудандық мәдени-сауық орталығы;
  • Топар, Қарабас, Южный кенттерінде 3 мәдениет үйі;
  • Дубовка, Жартас, Көксу, Құлаайғыр, Құрма ауылдарында 5 Мәдениет үйі;
  • Самарка, Ақбастау, Қоянды, Сарепта, Есенгелді ауылдарында 5 клуб.

1973 жылы 21 наурызда Қарағанды облысының аумағында әкімшілік орталығы Топар кентінде Мичурин ауданы құрылды. 1997 жылы аудан Абай деп аталып әкімшілік орталығы Абай қаласына көшірілді. 1959 жылы Жаңа жыл қарсаңында Шерубай Нұра кентінің тұрғындары құрылысшылардан ұмытылмас сыйлық етіп – кеншілердің типтік Мәдениет үйінің ғимаратын алды. Жаңа мәдениет мекемесінің ашылуы тек қала тұрғындары үшін ғана емес, Қарағанды облысының барлық көмір өнеркәсібі үшін жарқын оқиға болды. 1997 жылы Мичурин ауданының Абай ауданына қосылуына байланысты Мәдениет үйі аудандық мәдени-демалыс орталығы болып қайта құрылды.

Бүгінгі күні аудандық мәдени-сауық орталығында 130 клубтық құрылым жұмыс істейді, оның ішінде 1907 адам қатысқан 101 көркемөнерпаздар халық шығармашылық ұжымы бар, оның ішінде балалар саны – 1056, ересектер-851.

Аудандық мәдени-сауық орталығында әдістемелік бөлімі әр түрлі саладағы талантты адамдарды анықтау және көтермелеу мақсатында «Шексіз шығармашылық» бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама аясында фестивальдар, конкурстар, форумдар мен ойын-сауық бағдарламалары өткізілді:

Фестивальдар мен аудандық маңызы бар конкурстар:

  • Аудандық «Бірлік» ұлттық мәдениеттер фестивалі;
  • «Кішкентай жұлдыздар» балалар шығармашылығының аудандық фестивалі;
  • «Шексізшығармашылық» атты көркемөнерпаздар мен ақындардың аудандық байқауы;
  • СКУ іргелес аумағын абаттандыру бойынша «Сұлулық барлығымызды біріктіреді»;
  • Халық арасында қазақ халық әндерінің фестивалі;

Шығармашылық  жәрмеңкерлер

  • Бұл іс-шаралар жоспарға  сәйкес дәстүрлі түрде өткізілетін, әр түрлі шағын іс-шаралар кешені:
  • Аудандық мәдени-сауық орталығы «Біріктіретін өнер күші» атты ашық есік күні.
  • 70-90 – шы жылдардағы хиттердің «Абай әуе жолдары-Армандар орындалады» атты театрландырылған ретро-концерті.
  • «Шығармашылық бояулар» атты аудандық мәдени-сауық орталығының көркемөнерпаздар халық шығармашылығы ұжымдарының шығармашылық маусымының ашылуы.
  • «Тағы да, Сәлеметсіз бе!» атты ескі Жаңа Жылды қарсы алудың театрландырылған мерекесі;
  • «Жаз-бұл кішкентай өмір»аттышығармашылық жоба;
  • «Абай плинері»аттыаудан суретшілерінің жеке көрмелері Кидрасов Р, Левченко И.С.

Театр перфомансы

Бұл қазіргі заманғы өнер мен театрдың бір түрі:

  • «Наурыз-жаңару мен жаңғыру мерекесі!» атты театрландырылған көпшілік мерекелер
  • Шатырдағы театрландырылған  пролог «На привале».
  • «Біздің сүйікті Астанамыз-қымбатты жан Астана» атты театрландырылған көпшілік мереке.
  • «Балалық шақ-бұл ашылу әлемі» атты театрландырылған қойылымы.

 

Спектакльдер:

  1. «Домалақ ана» Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Халық жазушысы, драматург Шерхан Мұртазаның тарихи драмасы;
  2. «Досымның үйленуі» Ақын Қасым Аманжоловтың комедиялық жанрдағы пьесасы;
  3. «Көгілдір такси» Жазушы Софы Сматаевтың мелодрамасы;
  4. «Ақнұр» Шотаман Уәлихановтың отбасылық драмасы;
  5. «Медведь» жазушы Антон Чеховтың интермедиясы.
  6. Қазақ вальсінің королі – Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Сыған серенадасы» спектаклінен театрландырылған пролог;
  7. «Бейбарыс сұлтан» жазушы-драматург Р. Отарбаевтың пьесасы бойынша;
  8. Мәуліт мерекелерінде: «Өлім мен өмір», «Сағыныш», «Жаңбырлы көз жас», «Барыңды бағала» қойылымдары.

Ертегі  феериилар:

  • «Шытырман оқиғалы толқындарға саяхат» атты қысқы ертегі ойын бағдарламасы;
  • «Балалық щақтың сиқырлы әлемі» атты ертегі ойын бағдарламасы.

 

 

 

Ақпараттық квилттер:

Бұл жастар акцияларын, форумдарды, кездесулерді өткізу күндері ресімделетін ақпараттық стендтер:

  • «Әйел есімі бізге қанша керемет жаңалық уәде етеді…» атты фотокөрмесі;
  • «Қазақстанның болашағы біздің қолымызда»атты плакаттар көрмесі.

Комильфо-кеш:

  • «Біздің жадымыздың толқынында» атты қаттар күніне арналған кеш;
  • Аудан әкімінің әр түрлі мамандықтағы әйелдерімен кездесуі;
  • Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған концерт.

Iс-шаралар

Меню