«Ардагерлер ән салады» атты хор ұжымдарының 29 облыстық фестивалін

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қарағанды облыстық «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» ҚБ филиалымен бірлесіп Жеңіс күніне және Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығына арналған «Ардагерлер ән салады» атты хор ұжымдарының 29 облыстық фестивалін өткізеді.

Фестиваль алғаш рет Жезқазған қаласында 2019жылы 3 мамыр күні өтеді.

Қарағандыдан қатысушылардын жолға шығуы 2 мамыр күні, поездбен:

  • № 610 «Қарағанды — Жезқазған» 18.00сағ. — 8 ұжым
  • №308 «Астана-Жезқазған» 19.27 сағ. — 6 ұжым

Фестиваль бағдарламасында:

  • 10.00 сағ. Мерекелік шеру Жеңіс көшесі бойынша – «Даңқ аллеясы» мемориалы
  • 11.00 сағ. Митинг, гүл шоқтарын қою  “Даңқ аллеясы” мемориалы»
  • 12.00 сағ. Қарағанды облысы хор ұжымдарының «Ардагерлер ән салады» концерттік бағдарламасы” Достық үйі және халықтар мәдениеті

ХХІХ «Ардагерлер ән салады» фестиваліне Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Шет аудандары мен Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларынан 20 хор ұжымы қатысады. Қатысушылар саны 55-тен 85 жасқа дейінгі 450 адам.

Iс-шаралар

Меню