2–3 сәуір аралығында Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Жастар жылына арналған жас орындаушылар мен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің «Жас қанат» ХXIII облыстық конкурсы өткізілді

2–3 сәуір аралығында Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Жастар жылына арналған жас орындаушылар мен шоу-бағдарламаларды жүргізушілердің «Жас қанат» ХXIII облыстық конкурсы өткізілді. Ұйымдастырушы – Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.

Биылғы жылы Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов бастаған қазылар алқасының құрамына «SUPER STAR kz» мега жобасының финалисті, әнші, композитор Роман Ким, «Славян базары» aтты Халықааралық байқаудың лауреаты, әнші Адам; Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі Халықаралық жетекші конкурстардың жеңімпазы, Санкт-Петербург қаласындағы «Шоумендер лигасы» жобасының резиденті, Омбы қаласындағы «Сибирский вариант» шоу-бағдарламалардың жетекші академиясының оқытушысы — Марат Оспанов; «Жас Қанат-2009» конкурсының және «Лучший город kz» телевизиялық конкурстын лауреаты Полина Штыкова; Халықаралық және Республикалық байқаулардын лауреаты, «Sound» вокалдық студиосының жетекшісі Думан Баймағамбетов және «Жас канат — 2017» облыстық конкурсының жеңімпазы, шоумэн – Жасо Сланбеков шақырылды.

1 сәуір күні қатысушылар арасында жеребе тарту және байқаудың ашылу дайындығы өтті. Бірінші кезенде, 2 сәуір күні қатысушылар ережеге сәйкес еркін тақырыпта ән шырқады, олардың көпшілігі қазақстандық орындаушылардың репертуарын таңдады. 3 сәуір күні сағат 12.00-де конкурстың ІІ кезеңі өтті. Қатысушылар еркін тақырыпта ән шырқады, ал жүргізушілер болса, ҚР Жастар жылын сөзге тиек етіп, орындаушыларды хабарлап, халыққа ерекше шоу силайды. Осы күні сағат 18.00-де қазылар алқасы мүшелерінің, өткен жылдардағы лауреаттардың және «Жас қанат» байқауының қатысушыларының қатысуымен Гала-концерт және марапаттау рәсімі өтті. Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында Адам, Роман Ким, Юлия Штыкова, Думан Баймағамбетов және «Top band» және «Үш Жүз» топтары өнер көрсетті.

Екі байқау күнінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың бірде-біріне Гран При атағын бермей, оны конкурстың әр номинациясынан екі 1 орынға бөлу туралы шешім қабылдады.

«Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша:

І орын-Камила Абенова (ҚЭУ);

І орын-Айдар Төлеев (ҚММУ)

ІІ орын-Жаңасыл Жомарт (Бұқар Жырау ауданы);

ІІ орын — Сұлтан Молдабеков (Қарағанды қ.)

ІІІ орын-Мадина Сванқұлова (Тәттімбет атындағы өнер колледжі)

ІІІ орын-Олжас Түсіпбеков (ҚарМУ)

ІІІ орын-Жанна Искакова (Абай қ .)

«Көрермендер көзайымы» номинациясы — Динара Әбдіқадырова

(Қарағанды қ., ҚарМУ) академик Е. А. Бөкетов атындағы

 

«Шоу-бағдарламаларды жүргізушілер» номинациясы бойынша:

І орын-Динара Исаева (Теміртау қ)

І орын-Ерік Нұрманбаев (Қарағанды қ)

ІІ орын-Темірлан Жартыбаев (ҚарМУ)

ІІ орын-Абрар Айтметов (ҚЭУ)

ІІІ орын-Амин Худоиев (ҚЭУ)

ІІІ орын-Амандыков Дарын (ҚММУ)

Iс-шаралар

Меню