Балалар мен жасөспірімдер театры

 

Балалар мен жасөспірімдер театрының жетекшісі – Крючков Анатолий Александрович

1972 жылы  Москва  қаласының  теат   институтын бітірген Крючков Анатолий Александрович  Жезқазған қаласында  «Балалар мен жасөспірімдер музыкалық  театрын» құрған.

Театр ашылғалы Анатолий Александрович   ондаған қойылымдардың режиссері, сценарисі және  актеры болған .Өз ісін жетік меңгерген ,білікті , тапқыр әрі талантты  маман ұжымдағы жұмысты ұйымдастыра білді.Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен ,еңбексүйгіштікпен  кірісті.Бірнеше жылдар бойы  театр ұжымында тәрбиеленіп, өнерге құштарланған  шәкірттері осы күнге  жетекшілерімен қарым-қатынаста. Әр қатысушымен  тәжірибесімен бөліскен  жетекші театр мүшелерінің жас  мөлшері мен мүмкіндіктеріне аса көңіл бөледі.Бар күш жігерімен  аянбастан  еңбек еткен білікті жетекшіге әрдайым қатысушы тарапынан да жауапкершілік артылды.

Крючков Александр жастармен де жұмысты  ұыймдастырды.

Бойындағы талабы мен тәжірибесімен үнемі  бөлісіп отырды. Ұжымда  құрмет пен сыйға ие. Жеткен жетістіктері  мен сінірген еңбегі  үшін көптеген марапаттарға да ие болды.

Iс-шаралар

Меню