Қазақ халықтық ұлт аспаптар оркестрі

Халықтық ұлт аспаптар оркестрі  құрамда 25-30 адамнан 1999 жылдың қараша айында құрылды.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі Оспанов Қанат Тайшыбайұлы  көп жылдар Қарағанды қаласындағы  Тәттімбет атындағы өнер колледжінің ұлт аспаптар бөлімінің меңгерушісі және ұстазы болып қызмет атқарды .

 

2001 жылы оркестрге «Халықтық көркем өнер ұжымы» атағы берілді.

Содан бері 2003, 2007,2011, 2014, 2016 жылдарда кезекті аттестациядан өтті. Оркестр репертуарында халық және халық композиторлары, сонымен қоса шетелдік атақты музыканттардың шығармалары орындалып келеді. Айта кетсек: Құрманғазы, Сүгір, Дина, Тәттімбет, Бақтыбай, Түркеш, Моцарт, Гендель, А.Петров, Пьяцоло, Пиццигони, Тамарин, Шуберт, Аққыз, Төленов, Н.Тілендиев т.т.

Оркестр облыстық, аудандық өнер фестивальдарында жүлделі орындарға ие болып келеді.

2010 жылы шілдеде Қарағанды қаласында өткен «Ұлы дала сазы» атты І Халықаралық түркі тілдес халықтар музыкасы фестиваліне қатысып алғыс хатқа, Бұқар Жыраудың 350 жылдығы, Ботақара кентінің 80 жылдығы, Қарағанды қаласының 80 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақ халқы ассамблеясына 20 жыл, ҰОС жеңісінің 70 жылдығы, Ата Заңға -20 жылға арналған көркемөнерпаздар байқауына қатысып, ерекше белсенділік танытқаны үшін грамотамен марапатталды.

Оркестр репертуары жыл сайын жандандырылып, профессионалды ойнау деңгейі жоғары көтерілуде, себебі қазіргі таңда оркестр құрамында профессионал музыка мектебінің ұстаздары мен шәкірттері өнер көрсетуде.

2019 жылы оркестрдің құрылғанына 20 жыл толуына байланысты Ботақара кентінде есептік шығармашылық концерт өткізілді.

Қазіргі таңда оркестр жетекшілері болып Жұмәділ Мұхтар және Назгүл Мақсұтқызы еңбек атқаруда.

Биыл оркестрдің құрылғанына 21 жыл, «Халықтық» атағына ие болғанына 19 жыл толып отыр.

Оспанов Қанат Тайшибаевич

Қазақ халықтық ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі

 

 

 

 

 

Iс-шаралар

Меню