«Аңыз» үлгілі хореографиялық ансамблі

«Аңыз» ансамблі 1993 жылдың қыркүйек айында құрылған.

Үлгі тұтарлық хореографиялық ансамбль «Аңыз» Қарқаралы рұхани өмірі тарихында жаңа көркемдік құбылыс болып табылады. Өнері ғасырлар қойнауымен астасып жатқан халқымыздың тума салт-дәстүрі мен мәдени мұрасынан бастау алған. 45 қатысушыдан құрылған ансамбль бүгінгі күні 100 ден аса қатысушысы бар, 5 топқа бөлінген, жұмасына 3 рет би өнерінің сабақтары өтеді. Ансамбльдің орындауындағы ұлттық сипаттағы қазақ, орыс, кәріс билері халықтардың өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы өмірге көз қарасы туралы тартымды көрініс береді. Ансамбль құрылған жылдан бастап  түрлі аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жүлдегер атанды.

«Сарыарқаның жұлдызды шапағы» атты облыстық байқауында  І дәрежелі Лауреат атанды, «Жаңа есімдер» байқауында бірнеше рет Бас жүлдені алды. 2019 жылдың желтоқсан айында өткен  «STAR LINE» байқауында І дәрежілі лауреат атанды. Осындай жетістіктері бар ұжыммен мақтанамыз.

«Аңыз» ансамбілі билері көрермендердің жадында мәңгі сақталады!

Жетекшісі: Иргебаева Лэйля Төлеуқызы – дарынды жетекші. Лэйля Төлеуқызы бидің білімі мен дағдыларын меңгеруге көмектесетін терең білім мен тәжірибені меңгерген. Оның әдістемесінде эстетикалық және музыкалық талғамды, ырғақты, пластиканы, әртістікті, киім мәдениетін дамытудың жақсы нәтижелерін алу үшін қажеттінің бәрі үйлеседі.

Ләйлә Төлеуқызы бала кезінен «Салтанат» халық ән-би ансамблінің құрамында қатысты. Ансамбльмен 1995 жылы Түркияда, 2000 жылы Болгарияда өнер көрсетті. 1995 жылы Қарқаралы қаласының №2 орта мектебі жанынан құрылған «Аңыз» ансамбліне басшылық ете бастады.

Лэйля Төлеуқызының  тәрбиеленушілері қалада өткізілетін мерекелер мен түрлі іс-шараларға, сондай-ақ әр түрлі аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық фестиваль-конкурстарға белсенді қатысып, жүлдегерлер атанды. Жас орындаушылардың әсерлі қозғалыстары, көзінің ұшқыны, күлімсіреуі, әртістігі, эмоционалдылығы ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Ләйлә Төлеуқызының атқарған жұмыстары үшін 2001, 2015, 2016 жж. – ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

2018ж – «Жыл хореографы» номинациясы бойынша Қарағанды облысының әкімінің сыйлығымен марапатталды.

Iс-шаралар

Меню