Облыстық халық шығармашылығының «Әнім сенсің, Сарыарқа!» байқау – конкурсы

Облыстық байқау-конкурс халықтың көркемөнерпаздық шығармашылығын одан әрі дамыту, Қазақстан халықтарының мәдени мұрасын насихаттау, жаңа дарындарды анықтау, орындаушылық шеберлікті арттыру, репертуар мен сахналық киімдерді жаңарту мақсатында өткізілді.

Байқау-конкурсы қазан-қараша айларында жергілікті жерлерде облыстық қазылар алқасының қатысуымен өткізілді (кестеге сәйкес).

Әрбір аймақ декоративтік-қолданбалы және бейнелеу өнері көрмесін, жанр алуандылығы мен жас ерекшеліктері ескерілген таңдаулы көркемөнерпаздар ұжымдары қатыстырылған, театрландырылу элементтері бар концерт бағдарламасын әкелді. Конкурстық бағдарлама өңірдің тарихи, рухани және мәдени мұрасын ашатын тақырыптық бағытқа ие болуы тиіс. Бағдарламаның ұзақтығы 1 сағат 10 минуттан аспау керек.

Байқау-конкурстың қорытындысы бойынша Гала-концерт өтіп, үздік орындаушылар мен көркемөнерпаздар ұжымдары өнер көрсететін облыстық «Сарыарқа, саған ән саламын» халық шығармашылығы байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап (Гран-при, І, ІІ, ІІІ орындар), оларға дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

Iс-шаралар

Меню