Облыстық балалар шығармашылығының «Еркетай» фестивалі

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Еркетай» балалар шығармашылығының облыстық фестивалі дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттері мен көркемдік талғамын дамыту мақсатында 1998 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Фестиваль қатысушылары 3-7 жас аралығындағы балалар шығармашылық көркемөнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушылар.

Мектеп жасына дейінгі балалар:

  • Вокалдық ән айту (жеке орындау және вокалдық топтар);
  • Хореографияжанрлары бойынша қатысады.

Облыстың барлық аймақтарынан келген фестивальдің әр қатысушысына (400-ден астам бала) «Еркетай» фестивалінің сыйлықтары мен атаулы дипломдары табыс етіледі.

Iс-шаралар

Меню